Тіршілік нысаны

Тіршілік нысаныөсімдіктер мен жануарлардың сыртқы орта жағдайларына бейімделгенін көрсететін олардың сыртқы көрінісі. Ол бейімделудің жалпы көрінісімен, мінез құлықтық белгілері мен негізгі морфологиялық кескіндерінің ұксастығымен сипатталады. "Өсімдіктердің негізгі формаларының" ландшафтық рөліне ең бірінші неміс ғалымы А.Гумбольдт назар аударды (1806).

Раункиер бойынша өсімдіктердің тіршілік формалары: (Терофиттер, аэрофиттер и эпифиттер көрсетелмеген.)

Өсімдіктердің тіршілік нысаның жіктеуін дат ботанигі К.Раункиер ұсынды (1903, 1905). Ол жер бетінде өсетін өсімдіктердің негізгі 5 типін бөліп, оларды тіршілік түрі (Раункиер жүйесі) деп атады — фанерофиттер, хамефиттер, гемикриптофиттер, криптофиттер және терофиттер. Р.Уиттекердің мәліметтері бойынша, (1980) фанерофиттер (негізінен ағаштар) тропиктік ылғалды орманда (96%), сондай-ақ, субтропиктік орманда көп кездеседі. Тундра мен далада гемикриптофиттер (көп жылдық шөптер) басым болады: тиісінше 60% және 63%, ал шөлде терофиттер (бір жылдық шөптер) көп өседі — 73% .

Өсімдіктердің тіршілік нысанын жіктеудің бірнеше түрі бар. Алайда жабық тұқымдылардың экологиялық-морфологиялық белгілерінің негізінде жасалған И.Г.Серебряковтың жіктеуі көп қолданылады. Ол былай бөлінеді: ағаш өсімдіктері (ағаштар, бұталар, бұташықтар), аласа ағаштар (бұташықтар, шала бұташықтар), жер бетінде және суда өсетін өсімдіктер. Ұқсас жағдайларда ағашты және шөптесін өсімдіктердің ішінде оралғытәрізділер, шырын жапырақты өсімдіктер, төселмелі өсімдіктер, көпшік тәрізді өсімдіктер кездеседі.[1]

Дереккөздер


🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм