Тәркілеу

Тәркілеу, конфискация (лат. confіscatіo — мүлікті қазынаға тәркілеу) — сотталушының меншігіндегі мүлікті мемлекет меншігіне мәжбүрлі түрде өтеусіз алу. Тәркілеу пайдакүнемдік пиғылда қылмыс жасағандарға қосымша жаза ретінде тағайындалады. Жеке тұтынуға арналған және сотталушының асырауындағы адамға қажетті мүлік тәркіленбейді. Қылмыстық атқару заңнамасына сәйкес күнделікті тіршілікке қажетті (киім, азық-түлік, т.б.) дүниелер Тәркілеуге жатпайды. Тәркілеу сотталушының жеке меншігіне және ортақ меншіктегі үлесіне бағытталады.[1][2]

Дереккөздер