Уильям Рид Поуг



Поуг Уильям (23.1.1930 ж. т., Окима, Оклахома) — АҚШ-тың ұшқыш-космонавты, Әскери Әуе күштерінің подполковнигі. Ол Шони (Оклахома штаты) баптистік университетінде педогогика ғылымдары бакалавры дәрежесін (1951), ал Оклахома мемлекеттік университетінде математика ғылымдары магистрі дәрежесін алған (1960). 1960—63 ж. Колорадо-Спрингс (Колорадо штаты) Әскери Әуе күштерінің академиясында математикадан сабақ берді. 1965 ж. Фарнборо (Ұлыбритания) сынаушы-ұшқыштар мектебін бітіріп, ұшақтарды сынауға қатысты (американ жөне ағылшын ұшақтарының 50-ден астам түрін игерді), кейін Эдуардс (Калифорния штаты) әскери-әуе базасында нұсқаушы болды. 1966 ж. АҚШ Аэронавтика және космос кеңістігін зерттеу басқармасының ғарышкерлер тобына қабылданды. 16. 11. 1973 — 8. 2. 1974 ж. аралығында Дж. Карр және Э. Гибсонмен бірге 3-ұшқыш ретінде ғарышқа ұшып, 14. 5. 1973 ж. ұшырылған «Скайлэб» орбиталық станция экипажының құрамына енді. Космоста 84 тәулік 1 сат 16 мин болып, 2 рет ашық космосқа (жалпы ұзақтығы 13 сат 34 мин) шықты. [1]

William R. Pogue
Дүниеге келгені: 1930 ж. қаңтардың 23 (1930—01—23) (94 жас)
Okemah, Oklahoma, U.S.
Қайтыс болғаны: 2014 ж. наурыздың 03 (84 жаста)
Cocoa Beach, Florida, U.S.
Ұлты: American
Other names William Reid Pogue
Алма матер OBU, B.S. 1951
OSU, M.S. 1960
Мансабы: Test pilot

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм