Украина Тәуелсіздік күні

Украинадағы мемлекеттік мереке

Украинаның Тәуелсіздік күні (укр. День Незалежності України) — Украинадағы мемлекеттік мереке, Украинаның 1991 жылғы Тәуелсіздік декларациясының бекітілуімен байланысты 24 тамыз күні тойланады.[3][4][2]

Украина Тәуелсіздік күні
укр. День Незалежності України
Украина Тәуелсіздік күні укр. День Незалежності України
Тәуелсіздік күнінің маршы, Киев, 2020
ТүріМемлекеттік мереке
Белгіленген1991 жылы
Тойланады Украина
Дата24 тамыз
Мейрамдауконцерттер,[1] парадтар, әскери шерулер[2][1] және жәрмеңке-көрмелер[1]

Тарихы

2022 жылғы Варшавада болған Украина Тәуелсіздік күніне арналған маршындағы украиндар, байрақ үстінде «Азаттықтың есімі болса, ол "Украина" болатын еді» деп жазылған

Тұңғыш рет Украина Тәуелсіздік күні 1991 жылдың 16 шілде күні, сол күні 1990 жылы Украин КСР Жоғарғы Кеңесі елдің егемендігі жайлы декларация қабылдаған еді.[5][6] Тәуелсіздік декларациясының қабылдануынан бері мереке күні 24 тамызға ауыстырылды.

2016 жылы

Киевтегі жыл сайынғы әскери парадтан кейін Украинаның еріктілер батальондарының белсенді мүшелері, Ресей-Украина соғысы кезінде қаза тапқандардың туыстары және Еуромайдан көтерілісі кезінде қаза тапқандардың отбасы мүшелері «Жеңілмейтіндер маршына» қатысты.[7]

Дереккөздер