Ули Хенесс

Ульрих Хёнесс (нем. Ulrich Hoeneß; 5 қаңтар 1952[1], Ульм, ГФР) — ГФР-лік футболшы, шабуылшы. Қазір "Бавария" клубының менеджері.

Ули Хенесс Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

5 қаңтар 1952 (1952-01-05) (72 жас)

Туған жері

Ульм, Вюртемберг-Баден, ФРГ

Азаматтығы

Германия Германия

Бойы

181

Позиция

шабуылшы

Клуб карьерасы[* 1]
1970—1979Германия Бавария239 (86)
1978—1979 Германия Нюрнберг11 (0)
1970—1979Барлығы250 (86)
Ұлттық құрамы[* 2]
1972—1976 Германия ГФР35 (5)

Өмірбаяны

1972 жылғы Еуропа, 1974 жылғы әлем чемпионы. Одан бөлек 1976 жылы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанған. Карьерасында "Бавария", "Нюрнберг" клубтарында ойнап, 27 жасында денсаулығына байланысты карьерасын ерте аяқтады. "Бавария" сапында үш рет Германия чемпионы (1972, 1973, 1974), үш рет Чемпиондар кубогының жеңімпазы (1974, 1975, 1976), бір рет Құрлықаралық кубок иегері (1976) атанды.

Кейін "Бавария" менеджері боп сайланды. Тек 2014 жылы салық дауына байланысты бірнеше жыл бас бостандығынан айрылған кезде ғана бұл қызметтен қол үзіп қалды. Бірақ 2016 жылы дәл осы қызметке қайта сайланды.

Жеке өмірі

Інісі Дитер Хенес те футболшы, 1986 жылғы әлем чемпионатына қатысқан.

Дереккөздер

Сілтемелер