Файзолла Әбсәлемов

Файзолла Әбсәлемов (23.11.1911, Ырғыз ауданы - 1.07.1993, Алматы), кинооператор. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1969).

Кіші жүздің Шөмекей руы Бозғыл (Бозғұл) бұтағынан шыққан[1].Шежіре: Файзолла-Әбдісалам-Төремұрат-Алмат-Тобаберген-Киікбай-Әлібек-Қалақ-Шобдар-Бекет-Сейін (Желдер)-Келдібай-Бозғұл-Шомекей[1]


ВГИК-тің операторлық факультетін бітірген (1948).

Кинодағы алғашқы қадамын деректі фильмдер түсіруден бастады. Республика өмірі туралы апта сайын экранға уздіксіз шығып тұрған «Советтік Қазақстан» Киножурналында М. Әуезовке байланысты түсірілген кадрлардың орны бөлек. Мысалы, 1957 жылғы 39-санында (режиссері X. Дәулетбаев) ұлы жазушының 60 жылдық мерейтойының Мәскеуде тойлану кешінен көріністер берілген. Осы журналдың 1960 жылғы 45-санында жазушының оқырмандарға қолтаңба беріп жатқан сөті, ал 1961 жылғы 19-санында үнді жазушысы Р. Тагордың 100 жылдық тойында М. Әуезовтің сөйлеп тұрған кезі бейнеленген.

Сондай-ақ Әбсәлемов «Абай әні» көркем фильмінің (сценарийін М. Әуезов жазған) бас операторы болды.[2]

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм