Фарадей құбылысы

Фарадей құбылысызат ішінде магнит өрісінің күш сызықтары бойымен таралатын электрмагниттік толқынның поляризация жазықтығының бұрылуы. Бұл құбылысты 1846 жылы М.Фарадей ашқан. Жалпы жағдайда магниттелген затты бір ғана п сыну көрсеткішімен сипаттауға болмайды. Магнит өрісінің әсерінен айналмалы оң және сол поляризацияланған жарықтар үшін сыну көрсеткіштері әр түрлі (п+ және п–) болады. Осының салдарынан сызықтық поляризацияланған сәуле магнит өрісін бойлай орта арқылы өткенде оның оң және сол айналмалы поляризацияланған құраушылары оптик. жүріс жол айырымына сызықты тәуелді жол айырымын алып, әр түрлі фазалық жылдамдықпен тарайды. Нәтижесінде ортада l жол жүрген, толқын ұзындығы сызықты поляризацияланған монохроматты жарықтың поляризация жазықтығы бұрышқа бұрылады. Магниттік өріс аса күшті болмаған аймақтарда айырма (п+–п-)магнит өрісінің кернеулігіне сызықты тәуелділікте болады. Жалпы түрде фарадейлік айналу бұрышы VHI өрнегімен сипатталады. Мұндағы пропорционалдық тұрақты — V заттың қасиеттеріне, сәуленің толқын ұзындығына және темп-раға байланысты. Ол Верде тұрақтысы деп аталады. Поляризация жазықтығының бұрылу бағыты электрмагниттік толқынның таралу бағытына емес, магнит өрісінің таралу бағытына тәуелді болады. Фарадей құбылысы оптикада, т.б. ғыл. зерттеулерде кеңінен қолданылады.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм