Хадита

Хадита қаласы (Эль-Хадита, Ирак) – Ирактағы Аль-Анбар провинциясында орналасқан қала [1].

Халық саны шамамен 100 мың адам. Қала жанында қуаттылығы жағынан елде екінші орында тұрған «Хадита» гидроэлектростанциясы бар. Оны салу барысында Бухайраталь-Кадисия жасанды суқоймасы салынды. 2004-2006 жылғы Ирактағы соғыс кезінде қалада көптеген әскери қақтығыстар болған. 2005 жылы қарашада АҚШ-тың теңіз жаяу әскерлері жергілікті халықты қырғынға ұшыратқан, ресми деректерде 24 адам қаза болды деп беріледі.

Дереккөздер