Халит Ергенч

түрік актері

Халит Ергенч (түр: Halit Ergenç; 1970 жылы 30 сәуірде Ыстанбұлда дүниеге келген) — түрік елінің театр және кино актеры.

Халит Ергенч
Сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

30 сәуір 1970 (1970-04-30) (53 жас)

Азаматтығы

 Түркия

Мамандығы

актер

IMDb

ID 0348347

Өмірбаяны

Халит Ергенч 1970 жылы Ыстанбұлда актер Саит Ергенчтың отбасында дүниеге келген. 1989 жылы ол Ататүрік атындағы лицейде білім алды.

ЖОО-ны жалғастыру үшін Халит алғашында Ыстанбұлдық техникалық университетіне, бірінші курсты тәмамдағанан кейін Мимар Синан атындағы Университетке ауысып кеткен. Оқу кезінде ол маркетолог және оператор болып жұмыс істеген. Бір кезде Халит әнші Айше Пеккан мен бірге ән айтып, биші ретінде де өзін көрсеткен.

Мансабы

1996 жылы Халитты «Дормен» театрына жұмысқа қабылдап, оған «Патша және мен» мюзиклінен оның алғашқы рөлін берді. Қара періште телехикаясы арқылы ол өзін жақсы көрсете білді. Ергенч театрда жұмысын жалғастырып, онда «Мені сүйші, Кет!», «Тәтті ғашықтар», «Мені жақсы көр», «Амфитрион», «Евита», «Елес және басқалары», «Сарқырамалар суарса» қойылымдарында орын тапты. «Көше Капмаджа» және «Олжақта бола ма?» телехикаяларында жұмыс істегенен кейін, ол Нью-Йоркке барып, онда «Зактың хикаялары» мюзиклінде ойнады.

2000 жылы Ергенч «Жоқ жерден махаббат», «Ажал іздері» фильмдерімен, «Зерде», «Әкем, Гофрет және мен» телехикаяларында рөл алды.

Сонымен қатар Ергенч «Бүгін кет ары, кел», «Попкорн», «Арапшасы» театралдық қойылымдарында ойнаған. 2004 жылы ол «Алия» телехикаясында Санем Челик және Нежат Ишлермен бірге басты рөлдердің біріне ие болды. 2005 жылы Ергенч режиссер Шаған Ермектің «Әкем мен ұлым» драмасында түсті. 2006 жылы «2.0 желісі» фильмінде Халит Ергенч Германияның беделді түрік актрисасы – Селма Ергечпен бірге басты рөлде көрінді. 2006 жылдан бастап «Мың бір түн» телехикаясында Онур Ақсалдың рөлін сомдаған.

Сол шақта сонымен қатар ол: «Көтеріліс машиналары» және «Алғашқы махаббат» фильмдерінде рөлдерін сомдады. 2006–2008 жылдар аралығында Халит Ергенч Нью-Йорктегі Манхеттеннің әйгілі театры Бродвейде көптеген басты рөлдердің майталманы болған. Ергенч тағы «Көшбасшымыз - Ататүрік» фильмінде Мұстафа Кемал Ататүріктің рөлін сомдады. 2011 жылдан бастап «Тамаша ғасыр» телехикаясында I Сүлейменнің рөлінде ойнады. Халит керемет биші. Ол түріктің «Үлкендер үшін бишілер» атты бағдарламада қатысқан. Халит Ергенчтің айтуы бойынша оған Зеки Демиркубуз және Ферзан Езпетек атты әйгілі режиссерлермен жұмыс істегенді және Реха Ердем бен Шаған Ермек атты жас дарынды режиссерлермен жұмыс істеуді жақсы көретінді.

Жеке өмірі

2008 жылы Халит Гизем Сойсалдыға үйленді, бірақ, біржарым жылдан соң жұп ажырасып кетті. Одан кейін «Мың бір түн» телехикаясы кезінде бірге жұптасып жұмыс істеген актриса Бергүзар Көрелге үйленіп, одан Али атты ұлы бар.

Фильмография

жылыҚазақша атауыШынайы атауСомдаған рөлі
1996ф«Тәтті ғашықтар»Tatlı KaçıklarКүршат / Kürşat
1996с«Қара періште»Kara Melek
1997ф«Олжақта бола ма?»Böyle mi Olacaktı?
1998ф«Құрметшілер»Gurbetçiler
1999тф«Ажал іздері»Ölümün El Yazısı
2000ф«Жоқ жерден махаббат»Hiç Yoktan Aşk
2001с«Әкем, Гофрет және мен»Dedem, Gofret ve BenВедат / Vedat
2002с«Азад»Azad
2002с«Зейбек жалыны»Zeybek AteşiАлеко / Aleko
2002с«Құмсалдағы іздер»Kumsaldaki İzlerФазыл / Fazıl
2002с«Зерде»ZerdaДәурен / Devran
2003с«Әке»BabaҚартал / Kartal
2003с«Сапкадан әкем шықты»Sapkadan babam çikti
2003с«Есір Шехрин істері»Esir Şehrin İnsanlarıЛари Диксон / Lary Dixon
2004ф«Мектеп»OkulСебел бей / Sebel Bey
2004с«Әлия»AliyeСинан Карахан / Sinan Karahan
2005ф«Әкем мен ұлым»Babam ve OğlumӨзкан / Özkan
2006ф«2.0 желісі»The Net 2.0Игорь Иванаков / Igor Ivanakov
2006ф«Трамвай»TramvayНезих / Nezih
2006ф«Алғашқы махаббат»İlk AşkКемел / Kemal
2006-2009с«Мың бір түн»Binbir GeceОнур Ақсал / Onur Aksal
2008ф«Көтеріліс машиналары»Devrim Arabalarıбас инженер Ұғыр/ Yüksek Mühendis Uğur
2009ф«Ащы махаббат»Acı AşkОрхан Атаұлы/ Orhan Ataoglu
2010ф«Көшбасшымыз - Ататүрік»Dersimiz - AtatürkМұстафа Кемал Ататүрік
2011ф«Қонақ»MisafirОқтай / Oktay
2011-2014с«Тамаша ғасыр»Muhteşem YüzyılЗаңшы Сұлтан Сүлеймен / Kanuni Sultan Süleyman