Хонгха

Хонгха, Сонгкой (қытай Юаньцзян), Қызыл өзен — Қытай мен Вьетнам жеріндегі өзен. Ұзындығы 1183 километр, су жиналатын алабының ауданы 158 мың квадрат километр. Юньнань таулы қыратынан (Қытайда) басталып, Оңтүстік Қытай теңізінің Бакбо шығанағына құяды. Орташа су ағымы 3800 куб метр/секунд. Режимі муссондық, маусым — қазан айларында су деңгейі жиі көтеріліп, су тасулар қайталанып тұрады. Тасқыннан сақтану үшін бөгеттер тұрғызылған. Хонгха суы негізінен ашық шығанағын суландыруға пайдаланылады. Төменгі ағысында теңіз кемелері жүзеді. Хонгха бойында Вьетнамның астанасы — Ханой қаласы; атырауында — Хайфон (Вьетнам) теңіз порты орналасқан. Атырауы (15 мың квадрат километр) — Вьетнамның ірі күрішті ауданы.

[1]

Дереккөздер