Центриоль

Центриоль (centriol, лат. centrum — орталық) — центросоманы құрайтын майда денешік. Бұл ядролық қабықшаның жанында, цитоплазмада орналасқан органелла. Ол төменгі сатылы өсімдіктер мен жануар жасушасында кездеседі. Центриоль және оны қоршаған цитоплазманың ақшыл мөлдір бөлігі (центросфера) бірігіп, центросоманы (орталық денешік) құрайды. Центросоманың екі центриолі (диплосома) бір-біріне перпендикулярлы орналасады. Центриольдің біреуін "аналық", ал бұдан пайда болған екінші денешікті жас центриоль деп атайды. Электронды микроскоппен қарағанда центриольдің ұзындығы 0,3-0,5 мкм, диаметрі 0,2 мкм. Ол цилиндр пішінді құрылым. Цилиндрдің қабырғасы 9 топ микро түтікшелерден құралған. Әрбір топта диаметрі 25 нм 3 микротүтікшелер болады. Центриоль — жасушаның митоздық бөлінуін іс жүзіне асырады.[1]

Дереккөздер