Шолпан (журнал)

“ШОЛПАН”Түркістан АКСР-і ОАК-нің білім, әдебиет, шаруашылық, саяси журналы. Тұңғыш саны 1922 жылы қазанда жарыққа шықты. Оның “Оқу бөлімі”, “Түркістандағы халық ағарту ісі” деген бөлімдерінде оқу-ағарту, бала тәрбиесі мәселелері, алғашқы кеңестік еңбек мектебінің мазмұны, оқу бағдарламасы, сабақ жүргізу әдістемесі, орыс мектептерінің оқыту тәжірибелері таныстырылып, бұл жөніндегі маңызды пікір-ұсыныстар жарияланды. Журналда көптеген ғылыми маңызды мақалалар жарық көрді. Бірақ оның жеке мақалаларында буржуазиялық-ұлтшылдық қате тұжырымдарға жол берілген деп есептеліп, осыған байланысты журнал 8 саны шыққаннан кейін 1923 жылдың мамыр айында жабылды.[1]

Дереккөздер