Эвклаз


Эвклаз (гр. eu – жақсы, klasіs – сынғыш, жарылғыш) – аралдық силикаттар класс тармағына жататын минерал. Химия формуласы: Al2Be2[SіO4]2(OH)2. Эвклаздың кристалдық құрылымында оқшауланған [SіO4]-тетраэдрі [AlO6]-октаэдрі бағаналары мен [BeO3(OH)]-октаэдрі тізбектері арасында орналасады. Моноклиналдық сингонияда кристалданады. Тақташа, кесте және қысқа кейде ұзын призма тәрізді, қырлары көп кристалдар түзеді; агрегаттары шашыранды және жарты шар пішінді. Эвклаз түссіз, ақ, көгілдір, көк, сары немесе көк-жасыл түсті, мөлдір, шыныдай жылтыр. Қатты Моос шкаласы бойынша 7,5, тығыздығы 3,1 г/см3 шамасында, жіктілігі бір бағытта жетілген. Ол – эндогендік минерал. Эвклаз гранитті пегматиттер, грейзендер мен жоғары температуралы кварц және альпі желілерінде адуляр, кварц, флюорит, т.б. минералдармен бірге кездеседі. Пегматитті, мөлдір Эвклаз – асыл тас.[1]

Euclase

Euclase, 3.0 x 1.6 x 1.6 cm. Lost Hope Mine, Mwami, Mashonaland West Province, Zimbabwe
Негізі
Санаты Минерал
Химиялық формуласы BeAlSiO4(OH)
Strunz classification 09.AE.10
Crystal symmetry 2/m - Prismatic
Ерекшеліктері
Түсі Colorless, white, pale green to deep yellowish green, greenish blue, pale blue to deep blue
Сингониясы Monoclinic
Үгітіндісі Perfect, perfect on {010}, imperfect on {110} {001}
Агреттары Conchoidal
Беріктігі Brittle
Моль шкаласы бойынша минерал қаттылығы
Streak white
Diaphaneity Transparent, translucent
Үлес салмағы 2.99 - 3.1
A.
Эвклаз.

Дереккөздер


🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм