Электронды кітапхана

Электронды кітапхана — сандық пішімге көшірілген мәтіндерді сақтау үшін жасалған сайт.

Кітап сканері — электронды кітапхананы толықтырудағы маңызды құрал

Кәдімгі кітапханалардағыдай мұндай сайттар жалпы, әдеби, техникалық және т.б. болып бөлінуі мүмкін.

Электронды кітапхана қызметін географиялық және уақыт факторларына қарамай пайдалануға болады.

Сондай-ақ әр сөз, әр сөз тіркесі, әр сан бойынша іздеу функциясы да оқырман үшін өте тиімді.

Мысалдары

Гутенберг жобасы алғашқы электронды кітапхана болып есептелінеді. Жоба 1971 жылы істей бастады, ал сайты 1990-шы жылдары пайда болды.[1]

Google 2002 жылы кітаптарды сканерлеу және серверлерде сақтау жобасын бастады. Бұның нәтижесі ретінде 2004 жылы Google Books қызметі істей бастады.

Уикиқайнар қызметі 2003 жылдан бері істейді. Бұл — әрдайым толықтырылып отыратын, барлық тілдерде қолжетімді болып келетін мәтіндер қоры.[2]

Сақтау пішімдері

Оқырманға ұсынылатын файлдардың пішімдері бойынша электронды кітапханалар негізгі екі түрге бөлінеді: онлайн оқуға болатын және жүктеп алуға арналған.

Онлайн оқуға болатын мәтіндер негізімен HTML түрде беріледі. Сондай-ақ TXT, DjVu және басқалар бар.

Жүктеу үшін көбінесе Rtf, Doc, сондай-ақ ePub, FB пішімдері қолданылады.

Кейбір телекоммуникациялық корпорациялардың өз файл пішімдері болады, Amazon.com-дағы azw, Sony-дегі BBeB.

PDF бұрын көбінесе жүктеуге арналған файлдар үшін қолданылатын, жаңа нұсқалары онлайн оқуға да бейімделген.

Тағы қараңыз

Дереккөздер