Электрофон

Электрофон — үнтабаққа жазылған дыбысты жаңғыртуға арналған электр құрылғысы. Негізгі бөліктері: үнтабақ орналасқан дискінің бірқалыпты айналуын (33, 1/3 айн/ мин, 45 айн/мин) қамтамасыз ететін механизм, пьезоэлектр немесе электродинамикалық бастиек (дыбысжаңгыртқыш), дыбыс жиілігіндегі электр тербелістерінің күшейткіші, қатты сөйлегіш немесе акустикалық жүйе. Монофониялық және стереофониялық түрде шығарылады.[1][2]

Электрофон

Дереккөздер