Эмбарго

Эмбарго(ис. embargo – тыйым) – халықаралық құқықта бастапқыда мемлекеттік биліктің өз елінің порттарынан басқа елдер кемелерінің немесе өз кемелерінің шығуына тыйым салуы[1]; кейіннен елге басқа елдер тарапынан импортқа немесе өз елінен экспортқа тыйым салуы. Эмбарго соғыс уақытында да, бейбіт уақытта да енгізілуі мүмкін. Бейбіт уақытта эмбарго басқа елдерге ықпал ету шарасы ретінде немесе экон. қысым жасау құралы ретінде қолданылады. БҰҰ Жарғысында эмбаргоны халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіретін мемлекеттерге қарсы ұжымдық қуғындау шарасы ретінде белгілеу мүмкіндігі қарастырылған.[2]

Дереккөздер