Эмре Белезоғлы

Эмре Белозоғлы (түр. Emre Belözoğlu, лез. Эмре Белезогълу[1]; 7 қыркүйек 1980[2], Ыстанбұл) — түркиялық футболшы, Түркия Ұлттық футбол құрамасының экс-жартылай қорғаушысы.

Эмре Белёзоглу Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

7 қыркүйек 1980 (1980-09-07) (43 жас)

Азаматтығы

 Түркия

Бойы

170

Салмағы

68

Позиция

жартылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

карьерасын аяқтады

Жастар клубы
Түркия Гюнесспор
1992—1994Түркия Зейтинбурнуспор
1994—1996ТүркияГалатасарай
Клуб карьерасы[* 1]
1996—2001Түркия Галатасарай102 (14)
2001—2005Италия Интернационале79 (3)
2005—2008Англия Ньюкасл Юнайтед58 (5)
2008—2012Түркия Фенербахче103 (12)
2012—2013Испания Атлетико Мадрид7 (0)
2013—2015Түркия Фенербахче56 (14)
2015—2019Түркия Ыстанбұл Башакшехир128 (15)
2019—2020Түркия Фенербахче26 (3)
Ұлттық құрамы[* 2]
2000—2019 Түркия101 (9)

Карьерасы

Клубтық

1996 жылы 16 жасында "Галатасарайдың" негізгі құрамына ілікті. 2001 жылға дейін ойнап, бірнеше жүлдеге қол жеткізді, Түркия чемпионы және УЕФА кубогы, УЕФА суперкубогы жеңімпазы атанды.

2001 жылы жазда "Интернационалеге" ауысты. Көп ұзамай оны жергілікті жанкүйерлер "Босфор Марадонасы" деп атай бастады. 2002/03 жылғы маусым қорытындысында "Интердің" үздік футболшысы атанды. 2004 жылы Пеле оны ФИФА-100 тізіміне қосты.

2004/05 жылғы маусымда жарақаттарының кесірінен алаңға көп шыға алмады. 2005 жылы "Ньюкасл Юнайтедке" ауысқанмен, ол жақта да жарақаты кедергі болып, бар талантын ашып көрсете алмады.

2008 жылы Түркияға оралып, "Фенербахче" ойыншысы атанды.

2012 жылы 29 мамырда "Атлетико Мадрид" сапына қосылды, бірақ көбіне қосалқы құрамда қалды да, маусым ортасынан соң басқа клуб іздеуге мәжбүр болды.

2013 жылы қаңтарда "Фенербахчеге" қайта оралды.

Ұлттық құрама

2000 жылдан бері Түркия Ұлттық футбол құрамасының ойыншысы. 2006 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Түркия мен Швейцария іріктеуде ойнап, Түркия жеңіліп қалды да, Эмре жанжал шығарып, соңында 6 ойынға қатыспайтын боп шеттетілді.

2002 жылы әлем чемпионатына, 2008 жылы Еуропа чемпионатына қатысты. Екеуінде де Түркия қола жүлдені иеленді.

Жетістіктері

«Галатасарай»
  • Түркия чемпионы: 1996/97, 1997/98, 1998/99, 1999/00
  • Түркия кубогы: 1995/96, 1998/99, 1999/2000
  • Түркия суперкубогы: 1997
  • УЕФА кубогы: 1999/2000
  • УЕФА суперкубогы: 2000
«Интер»
  • Италия кубогы: 2004/05
«Ньюкасл Юнайтед»
  • Интертото кубогы: 2006
«Фенербахче»
  • Түркия суперкубогы: 2009, 2014
  • Түркия чемпионы: 2010/11, 2013/14
  • Түркия кубогы: 2011/12, 2012/13
«Атлетико» Мадрид
  • УЕФА суперкубогы: 2012
Түркия құрамасы
  • Әлем чемпионатында үшінші орын: 2002
  • Еуропа чемпионатының жартылай финалисі: 2008

Дереккөздер

Сілтемелер