Энканто (мультфильм)

мультфильм

«Энканто» (ағылшынша Encanto испан. көз тартарлық) — «Walt Disney Animation Studios» пен «Walt Disney Pictures» студиялары 2021 жылы түсірген компьютерлік-анимациялық музыкалық фэнтези жанрындағы мультфильм. Режиссерлері Байрон Говард пен Джаред Буш, сценариін жазған Чариз Кастро Смит, фильмнің продюсерлері Кларк Спенсер мен Иветт Мерино, әндердің авторы мен фильм сюжетінің со-ауторы Лин-Мануэль Миранда. Мультфильмді дыбыстауға қатысқандар: Стефани Беатрис, Джон Легуизамо, Мария Сесилия Ботеро, Дайан Герреро, Джессика Дарроу, Энджи Сепед пен Уилмер Вальдер. Фильмнің барысы Колумбияның қиял-ғажайып әлемінде орын алады, онда Мирабель Мадригальдың хикаясы айтылады, ол колумбиялық қыз, оның отбасында оның өзінен басқа барлық отбасы мүшелерінің сиқырлы қабілеттері бар. Мадригаль отбасы мүшелерінің сиқырлы қабілеттері жоғалып кетпес үшін, оны қорғау үшін саяхатқа аттанады.

Энканто
ағылшын.Encanto
Жанры

мультфильм, музыкалық фильм,фэнтези

Режиссёрлері

Байрон ХовардДжаред Буш

Продюсерлері

Кралк Спенсер, Иветт Мерино

Сценарийдің авторлары

Джаред БушЧариз Кастро СмитСюжет:Джаред БушЧариз Кастро СмитБайрон ХовардДжейсон ХэндНенси КрусЛин-Мануэль Миранда

Қоюшы суретшілер

Лорелей БавеИэн Гудиң

Рөлді дыбыстағандар

Стефани БеатрисМария Сесилия БотероУилмер ВальдеррамаАдассаДайан ГеррероМауро КастильоЭнджи СепедаДжессика ДэрроуРензи ФелисКаролина Гайтан

Композиторы

Джермейн Франко

Студия

Walt Disney PicturesWalt Disney Animation Studios

Мемлекет

 АҚШ

Тілі

ағылшын тілі

Ұзақтығы

99 мин.

Премьера

2021 жыл

Бюджеті

120 млн.$

«Энканто» - қазақ тіліне дыбысталып, отандық кинопрокатқа мемлекеттік тілде шыққан 38-ші фильм. Фильмнің премьерасы 25 қарашада өтті.[1]

Сюжеті

Энканто — керемет көрікті жерде, Колумбия тауларында көзден таса орналасқан сиқырлы үй. Мұнда Мадригал атты таңғажайып отбасы тұрады. Жанұяның әр мүшесі ерекше қасиетке ие, мәселен, бірінің алапат күші бар, екіншісі дәмді тамақ беріп емдей алады, үшіншісі кез келген адам кейпіне кіре алады. Өкінішке қарай, мұндай сиқыр жас Мирабельге бұйырмай қалған. Күндердің бір күні Мирабель отбасына қауіп төніп тұрғанын біледі және жақындарын құтқаратын жалғыз үміт өзі ғана деп ұйғарады.[2]

Рөлдерді дыбыстағандар

  • Стефани Беатрис — Мирабель Мадригаль
  • Джон Легуизамо — Бруно Мадригаль[3]
  • Мария Сесилия Ботеро[3]Альма Мадригаль
  • Уилмер Вальдеррама[3]Агустин Мадригаль
  • Адасса[3]Долорес Мадригаль
  • Дайан Герреро[3]Изабелла Мадригаль
  • Мауро Кастильо[3]Феликс Мадригаль
  • Энджи Сепеда[3]Джульетта Мадригаль
  • Джессика Дэрроу[3]Луиза Мадригаль
  • Рензи Фелиз[3]Камило Мадригаль
  • Каролина Гайтан[3]Пеппа Мадригаль
  • Малума[4]Мариано
  • Алан Тьюдик[5]Тукан Пико
  • Рави Кабот-Коньерс[6]Антонио Мадригаль

Қазақша дыбыстағандар

«Энкантоның» қазақша дубляж режиссеры – Назерке Лесбекқызы.

  • Назерке Серікболова — Мирабель Мадригаль
  • Рүстем Жаныманов — Бруно Мадригаль
  • әнші Ayree — Долорес Мадригаль
  • Жарқынай Ханайым — Изабелла Мадригаль

Дереккөздер

Сілтемелер

  1. Ресми сайты (орыс тілінде)
  2. Энканто: Қазақша аударылған 38-ші мультфильм прокатқа шығады
  3. «Өлгенский», «Кет, бәле, кет». «Энканто» қазақша қалай дыбысталды?
  4. «Энканто» қазақша трейлері
  5. «Энканто» мультфильмінің кейіпкерлері енді қазақша сөйлейді