Юрий Александрович Завадский

Завадский Юрий Александрович - (12.07.1894, Мәскеу – 05.04.1977, cонда) – режиссер, актер, педагог, Қазақстанның халық артісі (1943), КСРО халық артісі (1948), проффессор (1947), Социалистік Еңбек Ері (1973). Мәскеу университетінде оқыған. 1915 жылы Е.Б. Вахтангов студиясына жұмысқа қабылданып, суретші, кейін актер, режиссер қызметін атқарды. 1924 – 31 жылдары Мәскеу көркем академиялық театры (МХАТ) сахнасында ойнады. 1924 жылы өз театр студиясын ұйымдастырып, ол 1927 жылдан “Завадскийдің театр студиясы” деген атпен қайта құрылды. 1932 – 35 жылдары Орталық Қызыл Армия театрын, 1936 – 40 жылдары Дондағы Ростов облысы театрын басқарып, спектакльдер қояды (Пруттың “Жойқын Мстиславын”, М.Горькийдің “Дұшпандарын”, т.б.). 1940 жылы Мәскеудегі Моссовет атындығы театрдың бас режылы болып тағайындалды. Ұлы Отан соғысы жылдары Моссовет атындағы театр құрамымен бірге Шымкентте, Алматыда тұрды. Қазақстан театрының сахналарында К.Гольдонидің “Трактирші әйелін”, У.Шекспирдің “Отеллосы” мен “Асауға тұсауын”, “Виндзор сайқымазақтарын”, М.Ю. Лермонтовтың “Маскарадын”, т.б. қойды. Лениндік сыйлық (1965) және КСРО Мемлекеттік сыйлық (1946, 1951) лауреаты. 4 рет Ленин орденімен марапатталған.

A.
Завадский.

[1]

Дереккөздер


🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм