Қазақстан (корпорация)

 Басқа мағыналар үшін Қазақстан (айрық) деген бетті қараңыз.

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы — «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасын, «Qazsport», «Balapan», «Abai TV» телеарналарын, Qazaq radiosy, «Shalqar», «Astana», «Classic» радиоларын және аймақтық 14 телерадиокомпанияларды біріктіретін Қазақстандағы және алыс-жақын шетелдегі беделді телерадиокорпорациялардың бірі, елдегі ең ірі медиа құрылым. Телерадиокорпорация өзінің қалыптасуында бай тарихқа ие және Қазақстанның телерадиожурналистикасының дәстүрін мұра етіп келеді. 1921 жылы негізі қаланған Қазақ радиосы мен 1958 жылы құрылған республикалық бірінші телеарнадан басталды. Телерадиокорпорация жарнамалық қызметпен де айналысады.[2] 2019 жылдың сәуірінен телерадиокорпорацияның Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

«Қазақстан» РТРК» АҚ
Түрі

Телерадиокорпорация

Құрылды

Алматы, Қазақстан (8 наурыз 1958 жыл)

Бұрынғы атауы

«Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясы

Орналасуы

 Қазақстан, Астана, Қонаев көшесі, 4 үй (Қазмедиа орталығы)

Басты адамдары

Ләззат Танысбай (Басқарма Төрайымы)[1]

Қызметкерлер саны

1600 астам

Басшы компания

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Еншілес компания

«Телевизия жаңалықтары агенттігі» ЖШС
«Қазақ радиолары» ЖШС

Статусы

Белсенді

Сайты

rtrk.kz

Тарихы

Телерадиокорпорация тарихы 1921 жылдан бастау алады, сол жылы Пошта мен телеграфтар Халық комиссариаты эфирге Қазақ радиосын шығарды. 1933 жылы радио Қазақ АКСР-і Радиофикация және радио хабарларын тарату комитетінің тікелей бағынысына өтеді, ал 1978 жылы Комитеттің атауы Қазақ КСР Телевидение және радио хабар тарату жөніндегі мемлекеттік комитеті (Қазақ КСР Мемтелерадио) болып өзгерді.

1958 жылдың 8 наурызынан бастап Мемтелерадио Орталық телевидениенің (ОТ) Бірінші программасын таратуды бастады, оның ішінде қазақ программалары үшін «өңірлік терезе» қалдырылды. Кейінірек Қазақ КСР Мемтелерадиосының хабарлары жеке программаға, «Қазақ телевидениесіне» кіріп, бүкіл Қазақ КСР аумағын қамтыды.

1991 жылы Қазақ КСР Мемтелерадиосының орнына Қазақ мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясы, кейін 1992 жылғы 18 қыркүйекте «Қазақстан» Мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясы құрылды.

1994 жылдан бастап «Қазақстан» мемлекеттік телеарнасы «Қазақстан» телерадиокорпорациясына енді, ал «Алатау» телеарнасы «Қазақстан-2» телеарнасының ізбасары болды, оны 1995 жылы «Хабар» алмастырды.[3]

Басшылары

Қазақстанның теледидары мен радиосы басшылары
ЖылдарЕсімФотоЛауазымы
11956-1957Қанапия МұстафинҚазақ КСР-і Мәдениет министрлігі Радиоақпарат бас басқармасының бастығы
1957-1959Қазақ КСР-і Министрлер кеңесінің жанындағы Радиохабарлар және теледидар жөніндегі комитет төрағасы
21959-1962Құрманбек СағындықовҚазақ КСР-і Министрлер кеңесінің жанындағы Радиохабарлар және теледидар жөніндегі комитет төрағасы
31962-1969Кенжеболат ШалабаевҚазақ КСР-і Министрлер кеңесіндегі Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы
41969-1975Кеңесбай ҮсебаевҚазақ КСР-і Министрлер кеңесіндегі Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы
51975-1978Хамит ХасеновҚазақ КСР-і Министрлер кеңесіндегі Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы
1978-1983Қазақ КСР-і Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы
61983-1986Камал Смайылов Қазақ КСР-і Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы
71986-1990Ғаділбек ШалахметовҚазақ КСР-і Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы
81990-1991Сағат Әшімбайұлы Әшімбаев Қазақ КСР-і Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы
91991-1992Ғаділбек ШалахметовҚазақ КСР-і Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы
101992-1994Шерхан Мұртаза«Қазақстан» мемлекеттік телерадиохабарлар компаниясының төрағасы
111994-1995Ләйлә Бекетова«Қазақстанның теледидары мен радиосы» Республикалық Корпорациясының президенті
121995-1996Әшірбек Көпішев«Қазақстанның теледидары мен радиосы» Республикалық Корпорациясы» Жабық Акционерлік Қоғамының президенті
131996-2001Ерлан Сатыбалдиев«Қазақстанның теледидары мен радиосы» Республикалық Корпорациясы» Жабық Акционерлік Қоғамының президенті
142001-2002Есетжан Қосубаев«Қазақстанның теледидары мен радиосы» Республикалық Корпорациясы» Жабық Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы
152002Ғалым Доскен«Қазақстанның теледидары мен радиосы» Республикалық Корпорациясы Жабық Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы
2003-2004«Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Жабық Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы
2004-2006«Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы
162006-2007Нұртілеу Иманғалиев«Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы
172007-2008Дәурен Серікұлы«Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы
182008-2011Жанай Омаров«Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы
192011Дәурен Әбдіхамитов«Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы
202011-2016Нұржан Мұхамеджанова«Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрайымы
212016-2017Кемелбек Ойшыбаев«Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы
222017-2019Ерлан Қарин «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы
232019-Ләззат Танысбай «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрайымы

Құрылымы

Басқарма Төрайымы: Ләззат Танысбай[1]
Басқарма Төрайымының орынбасары: Шынар ИхсанғалиеваБасқарма Төрайымының орынбасары: Азамат КеңесұлыБасқарма Төрайымының қаржылық және әкімшілік мәселелер жөніндегі орынбасары: Дана АбибуллақызыБасқарушы директор: Айдын Дүйсенбайқызы
"Qazaqstan" ұлттық телеарнасы"Qazsport" телеарнасыҚаржылық қамтамасыз ету департаментіАнонс бөлімі
"Balapan" телеарнасы"Abai TV" телеарнасыТехникалық қамтамасыз ету департаментіДиджитал департамент
Алматы қаласындағы филиал"Алтын қор" телерадиоқор департаментіКоммерциялық қызмет департаментіМаркетинг және медиа аналитика бөлімі[4]
Дубляж бөліміӨндірістік орталықАқпараттық қауіпсіздік департаменті
Телехикаялар өндірісі бөліміАймақтық филиалдармен жұмыс бөліміПерсоналды басқару департаменті
Дистрибуция және сатып алу бөліміОблыстық филиалдар (14 филиал)Құқықтық қамтамасыз ету департаменті
Еншілес ЖШС: "Қазақ радиолары" ЖШС, "Еуразия" ЖШСҚұжаттамалық қамтамасыз ету департаменті
Шаруашылық қамтамасыз ету департаменті

Республикалық телеарналар мен радиостанциялар

Қазақстанның теле- және радиоарналары
Арна атауыЛоготипҚұрылуыСипаттама (жиілік, тіл)ДиректорМаңызды бағдарламалар
1Qazaqstan 1958Қазақстанның бірінші ұлттық телеарнасы.

Таралуы: бүкіл Қазақстан. Тілі: қазақша

Болат МүрсәлімТаңшолпан, Апта.kz, Меншікті мекен
2Qazsport 2013Қазақстанның спорттық телеарнасы.

Жиілігі: OTAU TV, кабелдік желі. Тілі: қазақша, орысша

Нағи БақытбековФутболдан Қазақстанның Премьер-лигасы,

Тур де Франс

3Balapan 2010Қазақстанның бірінші балалар телеарнасы.

Жиілігі: OTAU TV, кабелдік желі. Тілі: қазақша

Индира ТұрсынбайЕркетай
4Abai TV 2020Мәдениет және өнер телеарнасы.

Жиілігі: OTAU TV, кабелдік желі. Тілі: қазақша, орысша

Еркін Мұхамеджанов
5Qazaq radiosy 1921Ұлттық радио.

Жиілігі: ұзын, орта, қысқа және ультрақысқа толқындар. Тілі: қазақша, орысша, неміс, ұйғыр, әзірбайжан, түрік, корей, татар тілдерінде

"Қазақ радиолары" ЖШС бас директоры: Нұртас Көшеров
6Shalqar 1966Тек қазақ тілінде хабар тарататын радио.

Жиілігі: 100.4 FM. Тілі: қазақша

7Astana 1999Ақпаратты-музыкалық радиостанция.

Жиілігі: 101.4 FM. Тілі: қазақша, орысша

8Classic 2011Классикалық музыканың радиостанциясы.

Жиілігі: 102.8 FM. Тілі: қазақша, орысша

Киноблюз, ДжазТайм, Диалог

Аймақтық филиалдары

Қазақстанның облыстық телерадиокомпаниялары
Филиал атауыАрна атауы

мен логотипі

Тарихи мәліметтерФилиал директоры
1Абай облыстық филиалы 1965 жылдың 1 қыркүйегінде Семей телестудиясының алғашқы ресми хабары эфирге шықты.Хасен Молдабаев
2Ақмола облыстық филиалы 1999 жылдың 21 қыркүйегінде Ақмола облысының орталығы Астана қаласынан Көкшетауға ауысқаннан кейін құрылды.Берік Әбділманов
3Ақтөбе облыстық филиалы Ақтөбе филиалы 1960 жылы 28 қазаннан бастап өз хабарларын тарата бастады.Ғани Жәпішов
4Атырау облыстық филиалы Атырау телестудиясы Гурьев қаласының 350 жылдығын тойлау кезінде 1990 жылы 1 қыркүйек күні тұсауын ресми түрде кесті.Талғат Өтеғұлов
5Батыс Қазақстан облыстық филиалы Батыс Қазақстан облыстық телестудиясы өзінің тұңғыш хабарын 1964 жылы 26 қыркүйекте эфирге шығарды.Клара Қамбетова
6Жамбыл облыстық филиалы 1989 жылдың 1 қарашасында облыстық телеарна өз жұмысын бастады.Гүлбаршын Құланбаева
7Қарағанды облыстық филиалы 1958 жылдың 31 тамыз күні Қарағанды телестудиясы Шахтерлер күніне арналған кинобағдарлама арқылы алғаш рет эфирге шықты.Берік Дүйсетаев
8Қостанай облыстық филиалы Қостанай облыстық филиалы телевизия хабарларын тұңғыш рет 1991 жылы 1 ақпанда Қостанай қаласында бастады.Ербол Ипбергенов
9Қызылорда облыстық филиалы Қызылорда облыстық телеарнасы 1991 жылдың 30 сәуірінде ашылды.Нұрбек Әмиша
10Маңғыстау облыстық филиалы 1970 жылы 15 тамызда Шевченко телестудиясының алғашқы көрсетілімі болды.Әнуарбек Бимағамбет
11Павлодар облыстық филиалы 1965 жылы 7 қарашада Павлодар телестудиясы тұңғыш рет бірінші бағдарламасын эфирге шығарды.Гүлнаш Әбішева
12Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы 1958 жылы облыстық ұлттық депутаттар кеңесінің шешімімен Петропавлда телемұнараның құрылысы қолға алынды. 1960 жылы 1 наурызда өз жұмыстарын бастады.Ерлан Тоқшалық
13Шығыс Қазақстан облыстық филиалы Өскемен қаласында телевизиялық студия ресми түрде 1958 жылы наурыздың 16-ншы жұлдызында ашылды.Берік Көшербаев
14Шымкент қалалық филиалы Алғашқы хабарын 1990 жылғы қараша айының 5-ші жұлдызында тікелей эфирге таратты.Саламат Омаш

Жабылған телеарналар

«Мәдениет» телеарнасы

Толық мақаласы: «Мәдениет» телеарнасы
«Мәдениет» телеарнасының логотипі

«Мәдениет» телеарнасыҚазақстандағы мәдени-танымдық бағытта хабар таратқан алғашқы арна. Қазақстандық көрермендерге отандық және әлемдік мәдениет жауһарларын кеңінен таныстырған бұл арна 2011 жылдың 26 қыркүйегінде «Қазақстан» РТРК» АҚ жанынан ашылды. 2014 жылы 1 қаңтардан бастап "Білім" телеарнасына қосылды.[5]

«Tamasha TV» телеарнасы

«Tamasha TV» телеарнасы Қазақстандағы ойын-сауықтық бағыттағы алғашқы арна болып 2018 жылдың 1 қыркүйегінде эфирге шықан болатын. Әлемдік пандемия салдарынан телеарна 2020 жылдың 27 шілдесінен бастап хабар таратуын тоқтатты.[6]

Жобалар

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм