Қанар бұлбұлы

Қанар бұлбұлы (Serinus canaria) — кезеген торғай тұқымдасының бір түрі. Дене тұрқы 12-14 см., қоразының арқасы қоңыр дақты сарғыш жасыл, жемсауы мен тамағы сары, мекиені солғын жасыл түсті. Канар бұлбұлы Мадейра, Азор және Канар аралдарында таралған. Еуропаға 16 ғасырларда әкелінген қолға тез үйренеді, жақсы сайрайды. Канар бұлбұлы Солтүстік-Батыс Африка, Кіші Азияда, Араб түбегінің солтүстігінде КСРО-ның Еуропа бөлігінің батысында кездеседі. Кана бұлбұлы парктерде, бақтарда ағаш басына ұялап, 3-5 жұмыртқа салып, 13 күнде балапан шығарады. Өсімдік дәнімен қоректенеді.

Канар бұлбұлы

Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Жануарлар
Жамағаты:Хордолалылар
Табы:Құстар
Сабы:Торғай тұқымдас
Түрі:'Канар Бұлбұлы
Екі-есімді атауы
Serinus canaria
(Linnaeus, 1758)

[2]

Дереккөздер