Қарашірінді

Қарашірінді (Гумус; лат. humus - жер, топырақ) — өсімдіктекті және жануартекті қалдықтардың биохимиялық ыдырауы нәтижесінде түзілетін, топырақтың жоғары қабатында жиналатын топырақтың қарақоңыр түсті органикалық заттегі. Топырақ құнарлылығы осыған байланысты. Қарашірінді органикалық қосылыстардың екі тобынан тұрады. Бірінші топ өсімдіктекті және жануартекті қалдықтарда (топырақтағы органикалық заттектің барлық массасының 10—15%-ы) болатын қосылыстар: белокгар, көмірсулар, майлар, шайырлар, лигнин және т.б. Екінші топ қарашіріндінің негізгі қорын құрайды. Органикалық қалдықтар (гумин, гумин қышқылдары, фульвоқышқылдар және т.б.) синтезделген кезде түзілетін қарашірікті заттектерден тұрады. Топырақтың белдемдік типіндегі қарашірінді мөлшері физикалық-географиялык жағдайлармен тығыз байланысты. Қарашірінді мөлшері (тайгадағы) күлгін топырақтан (4—5%) даладағы қара топыраққа (10—15%) қарай артып, шөлдегі сұр топырақта 1—2%-ға дейін төмендейді. Жер шарының әр түрлі биоклиматтық өңірлерінің топырағы Қарашірінді қоры бойынша айтарлықтай ерекшеленеді; топырақтың 1 м-лік қабатындағы т/га есебімен алғанда бұл көрсеткіштер мынадай: тундрадағы топырақтағы Қарашірінді — 73, күлгіндеу топырақта — 99, орманның сұр топырағында — 215, орманның құба топырағында — 263, қара топырақта — 500, қоңыр топырақта — 160, сұр-құба сұр топырақта — 40, қызыл және сары топырақта — 282, қошқыл топырақта — 253, ферралитті, тропиктік қара топырақта — 300 т/га. Қарашіріндінің жиналуының ең үлкен мөлшері қара топырақта орташа 500 т/га, ең аз мелшері сұр топырақта — 40 т/га болады. М.М.Кононовтың есептеулері бойынша дүние жүзіндегі топырақтағы Қарашіріндінің жалпы қоры (1 метрлік қабатта) 2561 • 10® т (немесе 2561 млрд т) құрайды. Алайда топырақты өңдеу процесінде Қарашіріндінің мөлшері кемиді. Сондықтан оның орнын толтыру үшін өңделетін жерге минерал жоне органикалық тыңайтқыштар сіңіріледі.[1]

Дереккөздер

Гумус


🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм