Қарақал

Қарақал, қарақұлақ (лат. Caracal caracal) – мысықтар тұқымдасына жататын жыртқыш аң.

Қарақал

Амандық күйі

Least Concern (IUCN)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Жануарлар
Жамағаты:Хордалылар
Табы:Сүтқоректілер
Сабы:Жыртқыштар
Тұқымдасы:Felidae
Кіші тұқымдасы:Felinae
Тегі:Caracal
Джон Эдуард Грей, 1843
Түрі:C. caracal
Екі-есімді атауы
Caracal caracal
(Иоганн Христиан фон Шребер, 1776)
Үлгілік түрі
Caracal melanotis
Джон Эдуард Грей, 1843 (= Felis caracal Иоганн Христиан фон Шребер, 1776) by monotypy

Синонимдері

Felis caracal


Қазақстанның шөл, шөлейтті аймақтарында және тау аңғарында кездеседі. Олар осындай ауданда тіршілік етуге бейімделген. Құмды жерде жақсы жүре алады, өйткені табандары жүнді келеді, осының жәрдемімен денесі құмға батпай, сусымалы құмдардан жеңіл жүріп өте алады. Денесінің ұзындығы 65 – 82 см, құйрығының ұзындығы 25 – 30 см, салмағы 11 – 13 кг. Есту барабаны кішірек, оның алдыңғы шеті төменгі жақ байланыс ойысының артқы шетіне дейін жетеді. Құлағының сыртқы жағы түгелдей қара. Арқасы қоңыр сары, бауыры ақшыл сары. Құлағының ұшында ұзын шашағы болады. Танау сүйектері жалпақ. Жоғарғы жағында бірінші жалған азу тістері болмайды. Олар жемін түнде, кейде жазғытұрым және қыста күндіз де аулайды. Азығын көбінесе ұзақ қарауылдап жүріп, жасырынып жетіп, оған 4 – 4,5 м қалғанда, секіріп барып жармасады. Қарақал – шапшаң қозғалатын жыртқыш. Негізінен құмтышқандарды, қосаяқтарды, сарышұнақтарды, кейде кірпілерді, жайраларды, бауырымен жорғалаушыларды, жәндіктерді азық етеді, жазда суға жақын жүреді. Қарақалдар ін қазбайды, өзіне баспана ретінде жайраның, түлкінің індерін бірнеше жыл қатарынан пайдалана береді. Буаздық мерзімі 70 күндей. Аналығы сәуір айының басында 3 – 4 күшік туады. Күшіктері тез өседі. Қазақстанда Қарақалдың Үстіртте, Маңғыстау облысында 10 шақты дарабасы бар деп есептеледі. Жылдан-жылға саны азаюда, сондықтан қорғауға алынып, Халықар. табиғат қорғау одағының және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Қазір Қарақал Қазақстанда Үстірт қорығында, Ақтау-Бозащы, Қарақия-Қарақол қорықшаларында өсіріледі.[1][2]

Дене тұрқы

Қарақұлақ - мысық тұқымдас сүтқоректі. Дене ұзындығы. 65-82 см, құйрығы, 25-30 см. Сілеусінге өте ұқсас, құлақтарының ұшында қара шашағы бар, құйрығы шорт қысқармаған. Жүні қысқа. Бір ұяда 2-4 баласы болады. Қояндар мен ұсақ кемірушілермен қоректенеді. ТМД аймағында Түркмен жерінде таралған. Қызыл кітапқа енгізілген түр.[3]

Статус

I-ші санат. Жойылып кету қаупі бар түр. Халықаралық табиғат қорғау Одағының Қызыл кітабына енгізілген. Кейде оны «Қарақұлақ» деп те атайды.

Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы

Ерекше шөл дала мысығы, дүниежүзі фаунасында өзі аттас туыс/тармағының жалғыз өкілі.

Таралуы

Қазақстанда Маңғыстау облысында Үстіртте, Бозащы, Маңғышлақ, Тюб-Қараған түбектерінде, Қаражарық, Туесу, Бостанқұм, Сеңгірқұм, Сам, Матайқұм және т.б. құмдарда мекндейді. Бұрын Солтүстік Қызылқұмда да кездескен.

Мекендейтін жерлері

Сексеуіл, жыңғыл, жүзгүн және тағы басқа бұталар өскен құмды шөлдер, Үстірттің биік жарлары, сазды қыратты бұталы шөлдер, тау етектері және аласа таулар, сексеуіл мен жыңғыл өскен өзендер арнасы. Құмды шөлдерді шаруашылық мақсаттар үшін игеру қарақалды қолайсыз қоныстарға ығыстыруда.

Саны

Негізгі қоректері – қоян, зоман және үлкен құмтышқандарының мол болуына байланысты. Барлық жерде аз. 1951 жылдан 1994 жылға дейін Маңғыстау облысынан 20 қарақалдың ұсталғаны және 15-і кездескені белгілі. Бүкіл Қазақстанда, мүмкін, бар болғаны бірнеше ондаған ғана бұл жабайы мысық бар шығар. Қазірде Түрікменстанда шамамен 300-400 қарақұлақ тіршілік етеді екен.

Негізгі шектеуші факторлар

Браконьерлік, құм қояны мен кеміргіштердің азаюуы, жұт жылдар, өйткені қарақалдар төменгі температура мен қалың қарға бейімделмеген.

Биологиялық ерекшеліктері

Түнде тіршілік етеді, бірақ суық кезде тршілігі күндізде өтеді. Негізгі азықтары – құм қояны (25-27%), зорман (19.4%) және үлкен құмтышқаны (15.2%). Кейде қарақұйрықтың лағын, үстірт арқарының қозысын ұстауы да мүмкін. Аздап қойлар мен дайраға да шабуыл жасауы мүмкін. Жатақтары – басқа аңдардың індері, кейде бұталар астында өздерінің жатақтарын салады. 70 күндей буаз болып, сәуірдің басында 3-4 ұрпағы дүниеге келеді. Жаулары - қасқыр, малшы иттері, ал жас жануарлар үшін-ірі жыртқыш құстар; бәсекелестері – сол аталған жануарлар, сондай-ақ түлкі мен дала мысығы.

Қолда өсіру

Ташкент хайуанаттар паркінде 1968-1970 жылдары екі жұп қарақалдан 34 ұрпақ алған.

Қабылданған қорғау шаралары

Үстірт қырағында, Ақтау-Бозащы және Қарақия-Қаракөл қорықшаларында, Кендерлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағында қорғалады.

Қорғауды керек ететін шаралар

Үстірт қорығы территориясын кеңейту және Жабайұшқан және Бесбұлақ қорықшаларын ұйылдастыру шараларын (көлемдері – 500 мың га әрбіреуі) қолға алу керек.

Зерттеу үшін ұсыныстар

Маңғыстау облысында қарақалдың экологиясын, таралуын және санын зерттеу қажет.

Дереккөздер