Қара тұрпан

Қара тұрпан (лат. Melanitta fusca) - қазтәрізділердің бір түрі. Сирек кездесетін түр. Қазақстанның Солтүстік Қазақстан және Көкшетау облыстарының кейбір орманды және орманды даласындағы қалың қамысты терең көлдерінде ұялайды. Қазақстандағы саны өте аз. Санының кемуіне әсер ететін факторлар анықталмаған, оны қорғау шаралары белгіленбеген.

Velvet Scoter

Амандық күйі

Least Concern
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Жануарлар
Жамағаты:Хордалылар
Табы:Құстар
Сабы:Қазтәрізділер
Тұқымдасы:Үйрек
Кіші тұқымдасы:Бейнарық
Тегі:Melanitta
Түрі:M. fusca
Екі-есімді атауы
Melanitta fusca
(Linnaeus, 1758)
Melanitta fusca

Сирек кездесетін түр. Қазақстанның Солтүстік Қазақстан және Көкшетау облыстарының кейбір орманды және орманды даласындағы қалың қамысты терең көлдерінде ұялайды. Қазақстандағы саны өте аз. Санының кемуіне әсер ететін факторлар анықталмаған, оны қорғау шаралары белгіленбеген. Жалпы санын анықтап, биологиясын, тіршілік ортасын зерттеу қажет.

Статусы

3-ші санат. Сирек кездесетін ұялайтын түр.

Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы

Евразияда мекендейтін туыстың бес түрінің, оның ішінде Қазақстанда кездесетін үш түрдің бірі.

Таралуы

Евразияның тундра, тайга және далалы зоналары. Балтық және Солтүстік теңіздерінің жағалауларында, ары оңтүстікке қарай Бискай бұғазында, сол сияқты Жерорта, Қара және Каспий теңіздерінде қыстайды. Қазақстанда ертеректе ұялайтын жерлері Көкшетау және Ақмола облыстарында ғана белгілі болған [1][2], ал 1977-1979 жылдары, сонымен қатар Павлодар (Майлыбай көлі) және Солтүстік Қазақстан (Лебедянка көлі) облыстарында да кездескен [3].

Мекендейтін жерлері

Үлкен ашық айдындары бар орманды, орманды-дала және тундра көлдері не теңіз жағалаулары. Қазақстанда ашық айдындары және қалың қамыс өскен үлкен терең (2 м-ге жуық) көлдер.

Саны

Тұтас Евразия бойынша саны біршама жоғары, бірақ Қазақстанда белгісіз. 60-шы жылдарға дейін Каспийде, қыстауда, көп болған [4]. Қазақстанның орманды далаларында бірнеше ондаған жұп ұялайды. 1971-1976 жылдары күзгі ұшып кетуі кезінде 12 құс ғана есепке алынған [5], ал 1977-1985 жылдары жылма-жыл 1-ден 25-ке дейін кездескен және балапандары табылған[6] Батыс Қазақстан облысында Орысқопа көлінде 1970 жылы көктемде 93 тұрпан, ал Шалқар көлінде жазда – бір ғана құс кездескен [7]

Негізгі әсер ететін факторлар

Белгісіз.

Биологиялық ерекшеліктері

Қазақстанда зерттелмеген. Жыл құсы. Қыстау кезінде-ақ жұптаса бастайды, бірақ ұялауға кеш түседі: Көкшетау және Ақмола облыстарында ұясы маусымда пайда болады [1]. Басқа аудандардағы бақылаулар бойынша көбею мерзімі ұзақ; ұясын шөпке және бұта астына, кейде судан алыс жерде салады. Ұяда 6-10 жұмыртқа болады. Мекиендері және ұша бастаған балапандары үшін күндізгі белсенділік тән. Балапандары бар үйректер көбеюге қатыспаған мекиендерге және өз түрінің балапандарына қарсы болады. Негізінен моллюскалар, су насекомдарының дернәсілдері және балықпен қоректенеді, кейде су өсімдіктерін жейді.

Қолда өсіру

Қазақстан хайуанаттар парктерінде қолда ұсталмайды

Қабылданған қорғау шаралары

Ресейде негізгі таралған ауданының шегінде қорғалмайды. Қазақстанда 1978 жылдан бастап Қызыл кітапқа тіркелген[8], аулауға тиым салынған.

Қажетті қорғау шаралары

Дайындалмаған.

Зерттеу жөніндегі ұсыныстар

Республика территориясында нақты санын бағалау, ұялау биологиясын зерттеу және миграция бағыты мен қыстайтын жерлерін анықтау.

[9]

Дереккөздер

Сыртқы сiлтемелер


🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм