Қатаң норма

Қатаң норма - тілдің заңдастырылған нормаларымен бекітілген, тілдегі әр тірлі нұсқада айтылатын сөздерді бірізділікке, бір арнаға түсіретін қазақ тілінің тілдік нормасы. Қатаң норма тіл жүйесімен бұлжымас бірлікте болады. Тіл заңдылықтарын жете білетін адамға бұл еш қиындық тудырмайды. Тілде белгілі бір сөзді әр жерде әрқалай айтуы мүмкін. Осы жерде қай сөзді дұрыс қолдануды айғақтап беру үшін қатаң норма енгізілген. Мысалға, қазақ тілінде бұйрық райдың екінші жағындағы етістікті үш түрлі айтады: сен бар, сен барғың, сен барың. Қазіргі қатаң нормаға сәйкес аталмыш үш нұсқаның біріншісі, яғни сен бар нұсқасы айтылып жүр. Ал сен барғын, сен барың үлгілері диалектілерге жатады. Үш нұсқаның жанына жақын тартқанын таңдап алу сөйлеушінің ырқында болмайды. Тіл тәжірибесінде сыннан өтіп, жұртшылық таныған түрін ғана сөйлеуші қарым-қатынас мақсатында өолдана алады. Бұл - қатаң норманың грамматикалық мысалы. Қатаң нормалардың түрі фонетика, лексика саласында да кездеседі.

Дереккөздер

  • Уәли Н., Қыдырбаев Ө. Қазақ тілі: Сөз мәдениеті. - Алматы:"Мектеп" баспасы, 2006. - 119-бет.
🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм