Қақпа

Қақпа - өнеркәсіптік үйлердің, ғимараттардың, үй-жайдың, автотехника мен темір жол вагондарының кіріп-шығуына арналған үлкен есік. Т.ж. құрамы өтетін Қақпаның аумағы көбінесе 4,7×5,6 м, ал жеңіл автокөліктер өтетін Қақпаның аумағы 2,5×2,5 м. Ағаштан, темірден жасалады

Қақпа

Қақпа, дарбаза - ғимараттардың қоршаулы ауласына ену үшін арнайы жаппалы екі қақпа(есік) қойылған кең кірме жер.[1]

Тарихи деректергеқарағанда Түркістан маңындағы бұрынғыҚарнақ қаласын «Қырық қақпалы Қарашық»деп атаған. 19 ғ-да Сайрам кентін көргенорыс саяхатшылары төрт қақпасы бар екенінжазады: Базар қақпасы, Шымкент қақпасы, Қарамұрт қақпасы, Бел-қақпа.

Тұрғын үйлерді әдемілен, дуалмен қоршай,биік қақпа салудың үлгілері республиканыңжер-жерлерінде сақталған. Дуал кірпіштенқаланып, қақпа босағалары жуан ағашдіңгекпен бекітілген. Айқара ашылатын есіктің екі қанаты ою-өрнекпен әшекейленген. Әсіресе есікке орнатылған мыс тұтқа оймыштыөрнегімен көз тартады. Қақпаның төбесі қамыс шатырмен жабылған. Қарнақ үйлеріндегі қақнаның тағы бір көңіл аударарлықерекшелігі — екі жақ жанында кірпіштенқаланған ұзыннан-ұзақ сәкі орнатылған.

Қақпаның астындағы сәкілерде арбаның доңғалағы, құрал-сайман т. б. сақталған. Әйгіліұста Баязит Сәтбаев салған Зайсан қаласындағы үйлердің (мысалы, емхана, Интернационал көшесі, Әуезов мектебінің ескі үйі,Совет көшесі) қақпасы биік те, кең, доғашаиілген тұрпатымен ерекшеленеді. Қақпа қызыл кірпіштен қаланған, көлік кіретін үлкенесігі мен адам кіретін кіші есігі екеуі екібөлек жасалған. Ағаш есіктер мықты темірқұрсаулармен бекітілген,

Қазіргі кезде ауыл-селоларды үйді қоршап,қақпа салу толығымен дәстүрге енген. Оңтүстік аудандарда үйді балшық дуалменқоршал, биік қақпалар салса, солтүстік-батыс аймақтарда аласа жадағай қақпаларжасайды. Көбінесе ағаш қақпалар қолданылады, соңғы кезде темірден дәнекерленгентұтас діңгекті қақпалар жасау көп пайдаланыла бастады. Сонымен бірге бау-бақшалардың, қора-жайлардың есігіне де қақпа жасалынады.

Ал өнеркәсіптік үйлерде автомашиналар мен жұмысшылардың топталып кіріп-шығуына арналып та қақпа жасалады. Қақпашық мөлшері транспорт түріне жәнежүктің көлеміне қарай әр түрлі болады.Жасалуына қарай қақпа топсалы, ысырмалы,көтерілмелі т. б. болып бөлінеді. Әр түрліқоймалардың, гараждардың, фабрика-заводтардың қақпасын қажетіне қарай бір қабат,не екі, үш қабат етіп жасайды.[2]

Дереккөздер