Қош бол, Медеу!

Көріскенше қош бол, Медеу!1982 жылы "Қазақфильм" және Чехословакияның "Экспорт фильм" кинстудиялары бірігіп түсірген комедия жанрындағы көркем фильм.

Жанры

көркем фильм

Режиссёрі

Зденек Подкальски

Сценарийдің авторы

Валерий Карен
Виктор Дусил

Композиторы

Витеслав Гадл

Кинокомпания

"Қазақфильм"
"Экспорт фильм"

Ұзақтығы

74 минут

Мемлекет

КСРО КСРО
Чехия Чехословакия

Тілі

қазақша
Чех

Шыққан жылы

1982 жыл

Мазмұны

Чехословакиядан келген қонақтар қазақтың "Қыз алып қашу" атты дәстүрі жайлы қойылымдар түсірмек болады. Қазақстанға келген соң оларға бірнеше адам жол көрсетіп жүреді. Ұлттық ойын ұйымдастырулар барысында көптеген қызық оқиғаларға тап болады. Тіпті біреулер қыз ұрлаймын деп қателесіп, бұларды екі рет кілемге орап алып қашады.

Ұйымдастырулардың жартысы ашық далада, жартысы "Медеу" мұз айдынында өтеді. Даладағы шаралар қонақтарға ежелгі қазақ ауылының шынайы бейнесін көрсету үшін өткізіледі. Ол жерде киіз үйлермен, қазақы дастархандармен, ұлттық спорт ойындарымен (теңге ілу, қыз қуу) таныстырады.

Фильмге «Мұздағы балет» Мәскеу мемлекеттік ансамблі, «Отырар сазы», «Гүлдер», «Көкшетау», «Алматының жас балеті» қатысты.

Рөлдерде

Басқа да фактілер

2016 жылы қыркүйек айында Алматыда фильмнің 35 жылдығы атап өтілді[1].

Дереккөздер

Сілтемелер