Қоянсүйек

Қоянсүйек (Ammodendron) – бұршақ тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұталар, кейде ағаштар. Қазақстанда 6 түрі өседі. Ең көп тараған түрі – ақшыл Қоянсүйек (Ammodendron argenteum). Биіктігі 30 – 150 см. Жапырағының сағақтары жапырақшаларымен бірдей, ұшы тікенекті, қосалқы жапырақтары үшкір, ұсақ, көбінесе қурап түсіп қалады. Жапырақтары дара, ұзынша, сопақ (ұзындығы 10 – 25 мм), ені 4 – 10 мм, екі беті де жібектей жұмсақ, аппақ, қалың түкті. Гүлі қара күлгін, гүлшоғыры қоңырқай сары түсті. Мамырда гүлдеп, маусым – шілдеде жеміс салады. Бұршағы ұзынша (18 – 20 мм), тықыр, кейде түкті болады. Гүлінен бал аралар бал жинайды, тамырынан өндіріске қажетті бояу, илік заттар алынады. Қоянсүйекті гүлі әдемі болғандықтан әсемдік үшін өсіреді. Сондай-ақ, құм тоқтату үшін пайдаланады.

Қоянсүйек
Байқоңырда қоянсүйек
Байқоңырда қоянсүйек
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Өсімдіктер
Бөлімі:Гүлді өсімдіктер
Табы:Қос жарнақтылар
(unranked)Core eudicots
Сабы:Fabales
Тұқымдасы:Fabaceae
Кіші тұқымдасы:Faboideae
Тайпасы:Sophoreae
Тегі:Ammodendron
Fisch. ex DC.
Species

5–10; see text.

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Ammodendron