Қуаңдария

ҚуаңдарияСырдария өзенінің сол жағалаулық аңғарымен өтетін арна.

Қуаңдария
Сипаттамасы
Ұзындығы383 км
Су ағысы
БастауыТасбөгет кенті маңы
СағасыБозкөл (Ақсай) ойпаты
Орналасуы
Ел Қазақстан
АймақҚызылорда облысы Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы аудандары

Географиялық орны

Қызылорда облысы Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 383 км.

Бастауы

Бастауын Қызылорда қалалық әкімдігі аумағындағы Тасбөгет кенті маңынан алады.

Гидрологиясы

Арнасының бірінші бөлігі сағасынан бастап 59,5 км-ге дейін Тамырбөгет деп аталады. Оның 9,5 км-ге дейінге ені 60-100 м, тереңдігі 9 м, 9,5 км-ден 59,5 км-ге дейінге тереңдігі 1-2 м, ені 30-70 м. Өзеннің 59,5 км-інен бастап, 100 км-ге дейінгі ені 40-125 м, тереңдігі 2,5 м болатын Арал теңізіне жалғасатын бөлігі Бозкөл (Ақсай) ойпатына құяды. Арнасымен көктемде 3-4 күн су ағады. Қуаңдария үрме құмдар әсерінен өзгеріп отырады. 20 ғасырдың 50-жылдары мұнда бірімен-бірі өзектер арқылы жалғасып жатқан Ақсай-Қуаңдария көл жүйесі болған. Өімен аттас ауылға дейін (Қармақшы ауданында) жүйе арқылы су жүреді. Қуаңдария және оңтүстігіндегі Жаңадария өзендері алабында көптеген каналдар тартылған. Қуаңдарияның бойында көне заманнан қалған ирригация жүйесінің құрылыстары жиі кездеседі.[1]

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм