Қуық

Қуық (орыс. мочевой пузырь, ағылш. vesica urinaria, лат. vesica - көпіршік, лат. urina зәр, несеп) — бүйректе түзілген зәр несепағар арқылы ағып келіп, уақытша жиналатын, пішіні алмұрт тәрізді қуысты мүше.

Қуық


Қуық негізінен дененің жамбас қуысында орналасады. Зәрге толған кезде ғана құрсақ қуысына қарай шығады. Ол қуық төбесінен, қуық денесінен және жіңішкерген қуық мойынынан тұрады.

  • Қуықтың қабырғасы үш қабықтан:
    • ішкі — кілегейлі қабықтан
    • ортаңғы — етті қабықтан және
    • сыртқы — сірлі қабықтан (адвентициядан) құралған.

Қуықтың кілегейлі қабығы көпқабатты ауыспалы эпителиймен астарланған, бездер болмайды. Кілегейлі қабықтың жоғарғы қабырғасында несепағар білеуліктері мен несепағардың тесіктері көрінеді.

  • Қуықтың етті қабығы үш қабаттан:
    • ішкі және сыртқы ұзынша қабаттардан және олардың аралықтарындағы сақинаша қабаттан тұрады.
  • Сыртқы сірлі қабық қуықтың денесі мен төбесін қаптап тұрады. Ал оның мойны адвентициямен (борпылдақ дәнекер ұлпасы) қапталған. Қуықтың мойны несепшығар өзегіне жалғасады.[1]

Дереккөздер