Қыркескен

Қыркескен - көне қорым орны. Темір станциясының солтүстігінде 1976 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының обаларды зерттеумен шұғылданатын отряды (жетекші Б.Нұрмұханбетов) жергілікті өлкетанушы Асантай Әлімовтың көмегімен қазба жұмыстарын жүргізген. Барлығы 27 жерлеу орны аршыл¬ған. Қазба кезінде жерлеудің үш түрлі ғұрпы анықталған: 1) мүрде шалқасынан жатқызылып, беті оң жаққа, басы солтүстікке және солтүстік-шығысқа қаратылған; 2) мүрде шалқасынан жатқызылып, беті аспанға, ал басы батысқа және оңтүстік батысқа қаратылған; 3) шалқасынан жатқызылған мүрденің басы оңтүстікке және оңтүстік-шығысқа қарай бағытталған. Мүрделердің қасынан арқа тұсы тік, жүзі сөл ішке қайырылған орташа көлемдегі темір пышақтар, қыш ыдыстар (мойыны қысқа, түрпаты созылыңқы кұмыралар басы), моншақтар, т.б. заттар табылған. Екінші және үшінші жерлеу ғұрыптары бойынша жерленген мүрделердің жанында қару- жарақтар (сан алуан садақ ұштары, т.б.), әшекей бұйымдары мен қыш ыдыстар көбірек ұшырасқан.[1]

Дереккөздер


🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм