Құбыжықтар

Грек мифтерінде құбыжықтар өте көп кездеседі. Олардың кейбіреуімен шайқасқан Геракл - Зевс пен кәдімгі әйелдің перзенті. Мысалы, ол денесі ит тәрізді, басы жыландыкіндей Лерней гидрасын жеңген. Тоғыз басын түгел шауып алған. Геракл нимфа Геспериданың бағындағы сиқырлы алмаларды күзетуші Ладон айдаһарының көзін жойған.

Итальяндық Геракл

Ұлы найзағай ойнатушы Зевс те айдаһармен айқасқан. Тифон атты бұл айдаһардың 100 басы болыпты. Зевс оның үстіне Этна тауын құлатып жіберген, содан бері Этна от шашатын жанартауға айналған. Айдаһар Тифон мен жылан - әйел Ехиднаның қызы - демінен от шашқан Химера және ұлы - үш басты төбет Цербер болған.

Химера

Ежелгі грек ақыны Гомердің айтуынша, Химераның басы арыстандікі, денесі ешкінікі, құйрығы айдаһардікі. Химера тайда, Аид патшалығына кіретін тұсқа жақын жерде өмір сүрген. Цербердің бастары иттікі, ал құйрығының орнында - улы жылан. Ол өлілер патшалығының қақпасын күзеткен. Аңыз бойынша, өлгендердің жандары Аид патшалығына кіру үшін оған бал қосылған пірәндік берген. Бірақ ол жақтан кері қайту мүмкін емес.

Василиск

Ежелгі Грекия мифтерінде кездесетін ең қорқынышты мақұлықтардың бірі василиск болған. Оның түрі мынадай: әтеш басты, құрбақа денелі, арқасында қанаты бар. Василиск әтештің 400 жылда бір рет табатын жұмыртқасынан шығады деп саналған. Жұмыртқаны жылан немесе құрбақа басып отырады. Гректер василиск адамды қараған көзімен - ақ өлтіреді деп сенген. Бірақ адамда оған айнаны көрсету арқылы өлтіре алады. Василиск айнадағы бейнесіне қарап, өзінің көзқарасынан өзі өліп қалады.

Кентаврлар

Кентаврлардың денесі жартылай адам, жартылай жылқы болған. Әдетте, кентаврлар сабырлы әрі ақылды. Бірақ өздерін мазақ еткендерді байқаса болды, олар әп-сәтте ашуға мініп, қаһарын төгіп шыға келеді. Олардың арасында бір данышпан әрі момын кентавр Хирон - Зевстің бауыры болған. Хирон науқастарды емдеген, болашақты болжаған."Ехидна" деп зұлым, жауыз, келеке еткіш адамды айтады. Бұл сөз грек құбжығының атынан шыққан. Жылан - әйел Ехидна жердің терең түбінде өмір сүрген. Ол адамдарды да, құдайларды да жек көрген.

Галерея

Дереккөздер

Тағы қараңыз