Құдыр
Құдыр (лат. Moschus mosciferus) — құдыр тұқымдас сүтқоректі. Дене Ұзындығы 1 м, салмағы 17 кг тақау. Артқы аяқтары алдыңғыларынан ұзын. Басы кішкентай, құлақтары тік. Мүйіссіз, тұқыл. Аталықтарының ұзын, кайқы азу тістері иек астынан шығып тұрады; жұпар бездері бауырына орналасқан. Шығыс және оңтүстік-шығыс Азияда таралған.
Құдыр | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Moschus moschiferus | ||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Moschus mosciferus Linnaeus, 1758 |
ТМД-де солтүстік аймақта, таулы орманды, (тайга) жерде кездеседі. Қынамен қоректенеді. Қараша мен желтоқсанда күйлейді. 1-2 бұзауы болады. Жұпар бездері үшін аулайды.
Құдыр – тұяқты жануарлар ішіндегі ең кішісі. Биіктігі жарты метрден сәл асады. Артқы аяғы алдыңғысынан ұзын болғандықтан, денесінің артқы жағы биік келеді. Осыған байланысты жүрісі де қызық. Ол тауды, құз, жартастар мен тоғайды мекен етеді.
Негізгі қорегі- қына. Жазда түрлі ағаш бұтақтарын, қыста қарағай, самырсын сияқты орман ағашының қылқандыжасыл жапырақтары бар жас бұтақтарын азық етеді. Өте сақ және үркек жануар. Мекендеген жерінен ұзамайды.[2] Қауіп төнгенде жүгірісіне көз ілеспейді. Таңертең, ымыртта, және түнде жайылып, күндіз тасаға тығылады. Жауы- құну мен сілеусін. Құдыр еркегінен иіс суға қосатын бағалы сұйық зат алынады.[3]
Дереккөздер
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |