Үйшікті құстар

Үйшікті құстар, күрке құстары (лат. Ptilonorhynchidae) — торғайтәрізділер отрядына жататын құстардың бір тұқымдасы. Бұл тұқымдастағы құстар түрлі түсті заттардан әсемдеп, безеп өздеріне үйшік жасап алады. Көбінесе тропикалық және субтропикалық жақтарда тіршілік етеді. Бұған жататындар: күлгін құс, жағалы құстар, айдарлы құстар.[1]

Үйшікті құстар
Еркек cәтен үйшікті құс Ptilonorhynchus violaceus
Еркек cәтен үйшікті құс
Ptilonorhynchus violaceus
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Жануарлар
Жамағаты:Хордалылар
Табы:Құстар
Сабы:Торғайтәрізділер
Кіші сабы:Passeri
Тұқымдасы:Ptilonorhynchidae
GR Gray, 1841
Туыстары

Ailuroedus
Amblyornis
Chlamydera
Prionodura
Ptilonorhynchus
Scenopooetes
Sericulus

Ұзындығы 23-36 см, көпшілік түрлерінің тұмсығы қатты құйрығы қысқа және аяқтары мықты. 6-8 туысты 20 түрі Жаңа Гвинеямен оның біріккен аралдары Солтүстік және Шығыс Аустралияның тропикалық ормандарында таралған. Кейбір түрлері ағашта қоректеніп ойнақ салады, бірақ жерде де жапырақтарды жинап орын дайындайды; бұл орын тек шағылысу үшін ғана пайдаланады. Көпшілік түрлері шағылысу үшін жерде күрделі құрылысты күрке салады онын алдын жылтыр тастар қабыршақтар жәндіктер және гүлдермен безендендіреді. Еркектері күркелерін 4-5 ай бойы таза ұстайды. Ұяларын ағашта орнатады. Әдетте 2 жұмыртқа салады. Ұрғашы басады. Тамақ талғамайды. Басқа құстар дауысына салып еліктейді.[2]

Дереккөздер