Әбілғазы Қайыпұлы

Әбілғазы Қайыпұлы (туған жылы белгісіз — 1815) — хан. Хиуа ханы Қайып ханның үлкен ұлы, Батыр ханның немересі. Жас кезінде Бұхарадан Хиуаға әкелініп, 1767 жылдың аяғы — 1768 жылдың бас кезінде таққа отырғызылған[1]. Бірақ ол Хиуа тағында Әбілғазы — ІІІ деген атпен жарты жыл, ал кейбір деректер бойынша бар болғаны бір ай шамасында ғана отырған. Хиуадан қуылғаннан кейін ол Сыр бойындағы атамекеніне оралып, Шекті руының сұлтаны, ал 18 ғ-дың 90-жылдары қарақалпақтардың ханы болды. Әкесі өлгеннен кейін Сырдарияның төменгі ағысы өңірінде шекті т.б. Әлімұлы бірлестігіне кіретін рулардың ханы болып сайланған (1794 — 1815). Ордасы Жанкент қаласы жұрты маңында орналасты. Қол астына 15 мыңдай отбасы қарады. өмірінің соңғы жылдарын руластарының қолдауынан айырылып, жоқшылықта өткізді. Жерленген орны белгісіз. Деректерде Арынғазы, Ілияс, Нұрым, Пысжан (Бошан), Арду, Ескендір, Елжан деген балаларының аттары кездеседі.[2]

Әбілғазы хан
Лауазымы
Ту
Ту
Хиуа ханы
1767 — 1768
ІзашарыШах Ғазы хан
ІзбасарыНұрали хан
Ту
Ту
Кіші жүздің ханы
1791 — 1806
ІзашарыЕсім хан ІІ
ІзбасарыҚаратай хан
Өмірбаяны
ДініИслам
Қайтыс болуы1815 (1815)
ДинастияТөре
ӘкесіҚайып хан ІІ
БалаларыАрынғазы хан
Ильяс сұлтан
Нұрым сұлтан
Бошан сұлтан
Арду
Ескендір сұлтан
Елжан сұлтан

Дереккөздер


🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм