Әлем тілдері

Әлем тілдері — жер шарын мекендейтін (немесе бұрын мекен еткен) халықтар тілдері. Олардың жалпы саны 2500-нан 5000-ға дейін. (Дәл санын анықтау мүмкін емес, себебі әр түрлі тілдер мен бір тілдің диалектілерінің арасындағы айырмашылық шартты түрде белгіленген). Аса кен тараған әлем тілдерінің қатарына (млн адам есебімен 1985 жылы мәлімет бойынша) кіретін тілдер: қытай (1 млрд-тан астам), ағылшын (420), хинди, оған жакын урду (320), испан (300), орыс (250), индонезия (170), араб (170), бенгал (170), португал (150), жапон (120), неміс (100), француз (100), пенджави (82), итальян (70), корей (65), телугу (63), маратхи (57), тамил (52), украин (45) тілдері. Бұл есепке оларда сөйлеушілермен бірге ұлтаралық, халыкаралык қарым-қатынас ретінде қолданушылар да кіреді. Барлык әлем тілдері туыстық қатынастарына қарай тілдік семьяларға бөлінеді. Олардың әр-қайсысы бір-біріне жақын диалектілер тобынан шыққан, көне замандарда бір тілдің диалектілері болған немесе бір тілдік одаққа кірген (қараңыз Генеалогиялық топтастыру).

Алғашқы тіл отбасылар картасы
Тіл отбасылары

Тіл семьяларының бір талайы тек жеке жер атаулары мен кірме элементтерде сақталған немесе із-түзсіз жоғалған деуге болады. Кейбір өте көне тілдерден сақталған ескерткіштердің (мысалы, криттегі иероглиф тілі) мағынасы ашылған жок. Кейбір өте көне мәдени тілдер (шумер, этрус) сонғы жылдарда бір қатар көрнекті зерттеулер барына карамастан, тілдердін генеалогиялық топтастырылуында әлі нақты орнын танқан жоқ.Америка, Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия, Жаңа Гвинея және Океаниядағы көптеген тілдер әлі түбегейлі зерттеліп топтастырылған жоқ. Сол себепті казіргі ғылым адамзаттілі тарихының көрінісің тым болжалды түрде ғана аныктап отыр деуге болады.[1]

Билингвизм

Екі немесе одан да көп тілде сөйлейтін адамдардың саны үнемі өсіп келеді. Мысалы, соңғы зерттеулерде, (штаттардың бірінде - жартысынан көбі) үнді студенттерінің елеулі бөлігі ана тіліне қарағанда ағылшын тілінде жақсырақ сөйлейді.

Ең көп таралған тілдік отбасылар

  1. Үнді-Еуропа тілдері ~ 2,5 млрд қолданушылар, оның ішінде Үнді-Арий тілдері, герман тілдері және балтық-славян тілдері;
  2. Қытай-тибет тілдері ~ 1,2 млрд қолданушылар, оның ішінде негізгі қытай тілі;
  3. Орал-алтай тілдері (суботбасылардың құрылу деңгейі) ~ 500 млн қолданушылар, негізгі түркі тілдерін қоса алғанда.

Жаһандық маңызды тілдері

Қазіргі заманғы халықаралық деп қарастыруға болатын тілдер[2] (тілді меңгерген жалпы санының кему ретімен):

РангіТіліАна тіліЕкіншіҚолданушылардың жалпы саны
1Қытай тілі[3]1,2 миллиард300 миллионға дейін1,5 миллиардқа дейін
2Ағылшын тілі500 миллион1 миллиардқа дейін1,5 миллиардқа дейін
3Испан тілі[4]425 миллион125 миллионға дейін550 миллионға дейін
4Араб тілі[5]300 миллион120 миллионға дейін420 миллионға дейін
5Орыс тілі160 миллион100 миллионға дейін260 миллионға дейін
6Португал тілі[6]230 миллион30 миллионға дейін260 миллионға дейін
7Неміс тілі[7]120 миллион80 миллионға дейін200 миллионға дейін
8Француз тілі[8]75 миллион195 миллионға дейін270 миллионға дейін

Халықаралық тілдердің таралу картасы

Картада әрбір халықаралық тілдің таралуы көрсетілген.

БҰҰ-ның ресми тілдері

Ағылшын, араб тілі, испан тілі, қытай, орыс және француз тілдері Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілдері болып табылады[9].

Тағы қараңыз

  • Тіл жүйелеу
  • Тілдерді генетикалық классификациялау

Дереккөздер

Сілтемелер

Елдер:

Классификация
Санаты:

???

Тіл коды
ISO 639-1:

ISO 639-2:

ISO 639-3:

Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика