Өлім қорқынышы

Өлім қорқынышы, танатофобия ( көне грекше: θάνατος - "өлім" + φόβος - "қорқыныш") — бұл өлім туралы ойлардан туындаған мазасыздық, өзінің немесе жақындарының өлуімен байланысты обсессивті қорқыныш.

Көптеген адамдар өлім қорқынышын адам қызметінің басты стимулы деп санайды[1]. Оның ішінде, бұл дін, философия, ғылым және әдебиетке жатады (өз атын тарихта қалдыру жолы ретінде). Танатофобияны ауру деп анықтаса да[2], кей жағдайларда ол адамдарды жанып жатқан ғимараттан, шайқас алаңынан, т.б. қашуға итермелейді, яғни олардың өмірін сақтап қалудағы қорғаныш механизмі ретінде жұмыс істейді.

Өлуге жақын егде жастағы адамдар өлім қорқынышының әсерінен өздерінің тағдырын сезіп, өмір сүруін өрістету жолдарын табуға тырысады. Өлім алдындағы галлюцинация, елестеулердің туындауы олар үшін өлімнен кейінгі өмірдің болуы туралы діни сенімнің расталуы болып көрінеді.

Осылайша, өлім қорқынышы өмір бойы тереңірек тартып, адамдар өз күнелтуінің мәнін түсінеді. Алайда өлімге басқаша көзқарасты ұстанатын қоғамдар да бар. Мысалы, буддизмде өлімге дайындалу адамның ең маңызды іс-әрекеті болып саналады, ал бусидоға сәйкес, самурайды өмір бойы жетектеп жүретін қауіп-қатер оның қорқынышы болудан қалады. Бірақ қазіргі тұтыну қоғамында өлім қорқынышының адамға түпсаналы түрде әсер етуі жиі құбылыс болып табылады.

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм