Imagine Dragons
Imagine Dragons — Лас-Вегаста 2008 жылы құрылған америкалық рок тобы. Қазіргі уақытта вокалист Дэн Рейнолдс, гитарист Уэйн Сермон, басист Бен Макки және барабаншы Дэниел Платцманнан тұрады[1]. Топ алғаш рет «it' s Time» синглы шыққаннан кейін танымал болды, оның артынан олардың Night Visions (2012) дебюттік альбомы шықты, нәтижесінде «Radioactive» және «Demons» синглдері чарттарда көш бастады.Billboard Hot 100 чартында бірнеше апта бойы орналасып, рекорд орнатқан «Radioactive» синглді Rolling Stone журналы "Жылдың ең үлкен рок-хиті" деп атады[1][2][3][4]. Америкалық Billboard журналы оларды 2013 жылдың ең жарқын жаңа жұлдыздары атады[5]. Imagine Dragons үш American Music Awards, тоғыз Billboard Music Awards, бір Грэмми, бір MTV Video Music Awards және бір World Music Award марапаттарын жеңіп алды. Imagine Dragons бүкіл әлем бойынша 74 миллионнан астам альбом мен 65 миллион сандық ән сатты, бұл оларды әлемдегі ең көп сатылатын музыкалық орындаушылардың біріне айналдырды[6]
Imagine Dragons | |
Дэн Платцман, Бэн МакКи, Дэн Рэйнольдс, Уэйн Сермон (солдан оңға қарай) | |
Негізгі ақпарат | |
---|---|
Жанры | Альтернативтi рок |
Белсенділік жылдары | 2008 — қазіргі кезі |
Мемлекет | |
Қайдан | |
Өлеңдерінің тілдері | |
Лейблдері | Interscope Records |
Топ құрамы | Дэн Рейнолдс |
Бұрынғы қатысушылары | Эндрю Толман, Бриттани Толман, Тереза Фламинио, Аврора Флоренс,Эндрю Бэк, Дэйв Лэмк |
imaginedragonsmusic.com |
Топтың мүшелері
- Дэн Рейнолдс — вокал, гитара, бас-барабан
- Уэйн Сермон — соло-гитара, ритм-гитара, скрипка, бас-барабан, бэк-вокал
- Бен МакКи — бас-гитара, клавиштiк аспаптар, бас-барабан
- Дэн Платцман — барабандар, перкуссия, виолончель
Бұрынғы қатысушылары
- Эндрю Толмэн — барабандар (2008—2011)
- Бриттани Толмэн — пианино, гитара, бэк-вокал (2009—2011)
- Тереза Фламинио — клавиштiк аспаптар (2011—2012)
- Аврора Флоренс — клавиштiк аспаптар, скрипка (2008)
- Эндрю Бэк — гитара (2008)
- Дэйв Лэмк — бас-гитара (2008—2009)
Дискографиясы
Студиялық альбомдары
- Night Visions (2012)
- Smoke + Mirrors (2015)
- Evolve (2017)
- Origins (2018)
- Mercury – Act 1 (2021)
- Mercury – Acts 1 & 2 (2022)
- Loom (2024)
Шағын-альбомдар
- Imagine Dragons EP
- Hell and Silence EP
- It’s Time EP
- Continued Silence EP
- Hear Me EP
Сыртқы сілтемелер
- ресми веб-сайт (ағыл.)
- Imagine Dragons on Facebook
- Imagine Dragons Twitter сайтында