Marvel кинематографиялық әлемі

«Marvel кинематографиялық әлемі» (ағылш. Marvel Cinematic Universe; қысқ. МКӘ) — Marvel компаниясы комикстеріне негізделген және Marvel Studios компаниясы жасап шығарған суперқаһармандар туралы фильмдер сериясы, қияли әлем. Әлем ортақ сюжеттік желіге бірнеше фильмді актерлері және кейіпкерлерімен бірге біріктіру арқылы жаратылған. Сюжет біріктіруімен он бір фильм шыққан, бірақ қаһармандары сирек кездесіп тұрады: «Темір адам», «Таңғажайып Халк», «Темір адам 2», «Тор», «Капитан Америка: Бірінші кек алушы», «Кек алушылар», «Темір адам 3», «Тор: Түнек әлемі», «Капитан Америка: Қысқы жауынгер», «Галактика сақшылары», «Кек алушылар: Альтрон дәуірі», «Құмырсқа-адам»және «Капитан Америка: Азамат соғысы». Сонымен қатар 2016 жылдың 3 қарашасында «Доктор Стрэндж» шығады. «Қ.А.Л.Қ.А.Н. агенттері», «Агент Картер», «Жанкешті», «Джессика Джонс» және Marvel One-Shots қысқаметражды фильмдер сериясы да осы әлемнің құрамына кіреді. «Галактика сақшылары»[1], «Галактика сақшылары 2», «Кек алушылар: Альтрон дәуірі»[2], «Кек алушылар: Шексіздік соғысы», «Құмырсқа-адам мен Сона», «Өрмекші-адам: Қайта оралу», «Қара қабылан» және «Қара қабылан: Ваканда жасасын» — қазақ тіліне дубляждалған.

Marvel кинематографиялық әлемі
Marvel Cinematic Universe
Құрушысы

Marvel Studios

Алғашқы туындысы

Темір адам (2008)

Фильмдер мен телесериалдар
Фильмдер
Толықметражды
Қысқаметражды
  • The Consultant
  • A Funny Thing Happened on the Way to Thor’s Hammer
  • Item 47
  • Agent Carter
  • All Hail the King
Телесериалдар
  • С.А.У.Ы.Т. агенттері (2013 — о.у.
  • Агент Картер (2015)
  • Жанкешті (2015)
  • Джессика Джонс (2015)
Ойындар
Компьютерлік
  • Iron Man
  • The Incredible Hulk
  • Iron Man 2
  • Thor: God of Thunder
  • Captain America: Super Soldier
  • Marvel Avengers: Battle for Earth
  • Iron Man 3: The Official Game

Marvel кинематографиялық әлемі ең табысты фильмдер тізімінде $9,07 млрд сомамен бірінші орында, ал «Кек алушылар» және «Кек алушылар: Альтрон дәуірі» кинокартинасы кинематография тарихындағы ең кассалы фильмдер тізімінде бесінші және жетінші орынды иеленеді.

МКӘ әрбір фильмінде соңында оларды бір әлемге біріктіретін басқа фильмге сілтеме бар. Marvel комикстеріне негізделген барлық басқа фильмдер бұл серияға мүлдем қатысы жоқ, өйткені оларды басқа кинокомпаниялар түсірген және араларында еш ортақ сюжеттік желі жоқ бірақ та барлық бұл қаһармандар комикстерде бір қияли әлемде.

Фильмдер

ФильмТұсаукесеріРежиссер(лер)іСценарийші(лер)сіСтатусы
Бірінші фаза: Кек алушылар, Жалпы түсім[3]
Темір адам01.05.2008Джон Фавро[4]Артур Маркам, Мэтт Холлоуэй, Марк Фергус және Хоук ОстбиШығарылған
Таңғажайып Халк12.06.2008Луи Летерье[5]Зак Пенн[6]
Темір адам 229.04.2010Джон Фавро[7]Джастин Теру[8]
Тор28.04.2011Кеннет Брана[9]Марк Протосевич, Дон Пейн, Эшли Миллер, Зак Стенц және Дж. Майкл Стражински[9]
Капитан Америка: Бірінші кек алушы28.06.2011Джо Джонстон[10]Кристофер Маркус және Стивен Макфили[11]
Кек алушылар03.05.2012Джосс Уидон[12]Зак Пенн және Джосс Уидон[12]
Екінші фаза[3]
Темір адам 302.05.2013Шейн Блэк[13]Дрю Пирс және Шейн Блэк[13][14]Шығарылған
Тор: Түнек әлемі07.11.2013Алан Тейлор[15]Дон Пейн, Роберт Родат, Кристофер Йост, Кристофер Маркус пен Стивен Макфили[16][17][18]
Капитан Америка: Қысқы жауынгер03.04.2014Энтони мен Джо Руссо[19]Кристофер Маркус пен Стивен Макфили[20][21]
Галактика сақшылары31.07.2014Джеймс ГаннДжеймс Ганн және Николь Перлман[22]
Кек алушылар: Альтрон дәуірі23.04.2015Джосс Уидон[23][24][25]
Құмырсқа-адам16.07.2015Пейтон РидАдам Маккей, Пол Радд, Эдгар Райт және Джо Корниш[26]
Үшінші фаза[27]
Капитан Америка: Азамат соғысы05.05.2016Энтони мен Джо РуссоКристофер Маркус және Стивен МакфилиШығарылған
Доктор Стрэндж03.11.2016Скотт ДерриксонСкотт Дерриксон, Джон Спэйтс және С. Роберт КаргиллПост-продакшн
Галактика Сақшылары 204.05.2017Джеймс ГаннТүсірілу үстінде
Өрмекші-адам: Қайта оралу06.07.2017Джон Уоттс[28]Джон Фрэнсис Дэйли және Джонатан М. ГолдштейнЖасалуда
Тор: Рагнарёк02.11.2017Тайка ВайтитиСтефани Фолсом, Кристофер Йост және Крэйг Кайл[29][30]
Қара Қабылан15.02.2018Райан Куглер[31]Марк Бэйли және Джо Роберт Коул
Кек алушылар: Шексіздік соғысы03.05.2018Энтони мен Джо Руссо[32]Кристофер Маркус және Стивен Макфили[29]
[[Құмырсқа-адам мен Ара[[05.07.2018Пейтон РидЭндрю Баррер және Гэбриел Феррари, Адам МакКей және Пол Радд
Капитан Марвел07.03.2019TBDНиколь Перлман және Мэг ЛеФов[29][30]
Кек алушылар: Финал02.05.2019Энтони мен Джо Руссо[32]Кристофер Маркус және Стивен Макфили[29]
СұмпайыларTBD[33]TBDДжо Роберт Коул[29][30]
Белгісіз жоба[34]30.04.2020TBDTBD
Белгісіз жоба[34]09.07.2020TBDTBD
Белгісіз жоба[34]05.11.2020TBDTBD

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер