Morandi

Morandi — европоп стилінде ән салатын Мариус Мога және Андрей Ропчадан құралған румындық музыкалық топ. Топтың аты вокалистердің есімдерінің алғашқы әріптерінен құралған, яғни Mo — бұл Мариус Мога, ал Randi — Андрей Ропчаның лақапаты. Топ Румынияда, Бухарестте 2004 жылы пайда болды.

Morandi
Жанры

европоп

Белсенділік
жылдары

2005 жылдан бері

Мемлекет

 Румыния

Қайдан

Бухарест

Лейблі

Universal Music Romania

Топ құрамы

Мариус Мога (Maximo),
Андрей Стефан Ропча (Randi)

morandi-music.com

Өз Отанындағы жетістіктен кейін, топ бірнеше Еуропа чартында алдыңғы орынға түсті (MTV Europe және World Chart Express қоса есептегенде) және Шығыс Еуропа тарихында O-Zoneнан кейінгі ең табысты топ болып саналады. Олардың өлеңдері әсіресе Ресей, Болгария, Албания, Грекия, Черногория, Сербия, Словакия, Чехия, Польша, Македония, Литва және Украина елдерінің жастары арасында танымал болды. Моранди MTV Europe Music Awards 2005 және MTV Europe Music Awards 2006 салтанаттарында екі рет ең үздік Румындық топ ретінде номинацияға түседі, ал 2008 жылғы салтанатта жеңіске жетеді. "Angels" өлеңі Ресейде "2008 жылдың ең үздік әні" атанады.

Zebra атты жаңа альбомы бірнеше уақытқа тұрақтап қалады. Моранди турларын жалғастырып, ұзақ уақыт бойы концерт береді. 2011 жылдың бесінші аптасында Францияда "Angels" өлеңің шығарады. Қазіргі уақытқа шейін өлең Францияның ресми чартында 16-шы позициясында тұрақтап келеді.[1]

Дискографиясы

Моранди төрт студия альбомын, он екі сингл шығарды. Әрбір өлеңдерге бейнеклип түсірілген.

Студия альбомдары

ЖылыӨлең атыCertification
2005Reverse
2006Mind Fields
2007N3XT
TBAZebra

Синглдері

"Angels" өлеңі Ресейде 1,45 миллион көшірмемен сатылып кетті және 7 рет ринг-бэк тон ретінде платиналы диск алады.[2][3] Сонымен қатар реалтон ретінде 50 мың көшірмемен сатылып, алтын диск алады. "Save me" өлеңі 2 рет платиналы болып, 400 000 көшірмемен сатылып кетеді.[4]

ЖылыӨлең атыЧарттағы орны[5][6][7]Альбом
SVKBGCZEHU Dance Top40FR
2004"Love Me"-----Reverse
"Beijo"54----
2006"Falling Asleep"-----Mind Fields
"A La Lujeba"-----
"Oh La La" (English version of "Beijo")-----Digital Only
2007"Afrika"-----N3XT
"Angels (Love Is The Answer)"111316
2008"Save Me" (feat. Helene)132125-
2009"Сolors"114--Zebra
2010"Rock The World"62----
2011"Midnight Train"26----
2011"Serenada"-----
Хит болған2-2--
Top 10 хиты2331-

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм