Royal Dutch Shell
Royal Dutch Shell plc (LSE: RDSA) — Ағылшын – Нидерландтық халықаралық мұнай және газ компаниясы, штаб пәтері Гаага қаласында орналасқан.[1]
Royal Dutch Shell plc | |
Түрі | Жеке-меншік |
---|---|
Биржадағы листингі | LSE: RDSA, Үлгі:LseSymbol |
Қызметі | Жанармай, газ, мұнай өнімдері қызметі |
Құрылды | 1900 |
Орналасуы | Гаага, Нидерланд |
Басты адамдары | Питер Восер |
Саласы | ▲ АҚШ$ 31.185 миллиард (2011) |
Өнімі | Жанармай, газ |
Айналым | ▲ АҚШ$ 169.517 миллиард (2011) |
Операциялық кірісі | ▲ АҚШ$ 55.660 миллиард (2011) |
Таза табыс | ▲ АҚШ$ 31.185 миллиард (2011) |
Қызметкерлер саны | 90,000 (2011) |
Сайты |
2011 жылғы кіріс мөлшері бойынша әлемнің алты мұнай және газ "супермажор" компанияларының қатарына кіреді.
1907 жылы Голландия (Royal Dutch, 60%) мен Британия (Shell Transport and Tradіng, 40%) компаниялары құрған. Қызметінің негізгі бағыттары: көмірсутектерді барлау, өндіру, оларды өңдеу, мұнай-химия және жаңа энергия көздерін игеру. Шелл Мұнай-Газ Корпорациясы 120-дан астам елде жұмыс жасайды және мұнай-газ өндірісінің барлық саласында істейтін 2000-нан астам фирмалардан тұрады. Бұл компаниялардың әрқайсысы едәуір дербес, ұлттық компаниялар ретінде қабылданған, негізгілері дивиденд нысанында табыс алады. Қазақстан Республикасында Шелл Мұнай-Газ Корпорациясы 20 ғасырдың басында (1917 жылға дейін) Шелл Ural Caspіan Oіl Corporatіon компаниясының операторы ретінде мұнай өндірді. Ол кезде корпорация қазіргі Атырау облысының Доссор және Мақат кеніштері ауданында іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізді. 1998 жылы қарашада компания өзінің Қазақстандағы қызметін қайта бастап, Сайғақ мұнай кенішіне барлау ұңғымасын салды. Компанияның Қазақстандағы қатысу үлесі 60% және ол “Темір” бірлескен кәсіпорынның негізгі операторы. Сонымен қатар бұл корпорацияның Қазақстан қайраңы бойынша халықаралық операция компаниядағы үлесі 14,5%. Ол өнімді бөлісу шеңберінде Каспий қайраңының солтүстік-шығыс бөлігін игеру жұмысын жүргізеді. Қазақстандағы даунстрим секторына Шелл Мұнай-Газ Корпорациясы 1992 жылдан бастап қатысады. Каспий мұнай құбыры консорциумының белсенді мүшесі.[2]