Verizon Communications
Verizon Communications (NYSE: VZ) — америкалық телекоммуникация компаниясы, АҚШ-тағы және әлемдегі ең ірілердің бірі. Штаб-бөлмесі — Нью-Йоркте.
Verizon Communications | |
Түрі | Көпшілік компания |
---|---|
Биржадағы листингі | |
Құрылды | |
Орналасуы | |
Басты адамдары | Иван Сейденберг (директорлар кеңесінің төрағасы және бас басқарушы), Лоуренс Баббио кіші (президент) |
Саласы | телекоммуникациялар |
Айналым | ▲ $88,144 млрд (2006 жыл) |
Таза табыс | ▼ $6,197 млрд (2006 жыл) |
Қызметкерлер саны | 217 мың адам (2005 жыл) |
Сайты |
Тарихы
2000 жылы Bell Atlantic мен GTE компанияларының ұйысуы нәтижесінде құрылған. 2006 жылдың қаңтар айында IP-протоколымен байланыс қызметін көрсететін MCI комапаниясын сатып алады.
Басшылық және меншік иесі
2007 жылғы шілде айының ортасындағы нарықтық капитализациясы — $124 млрд[1].
Директорлар кеңесінің төрағасы және бас басқарушы — Иван Сейденберг. Президенті — Лоуренс Баббио мл.
Қызметі
Verizon Communications стационарлы және ұялы байланыс (cdma 800/1900 МГц), спутниктік, кең жиектік интернетке қосылу қызметтерін, және информациялық қызметтерін көрсетеді. Одан бөлек, компания телефонды анықтамалар шығарады.
2005 жылға персонал саны — 217 мың адам. 2006 жылғы кіріс — $88,144 млрд (2005 жылы — $75,1 млрд), таза кіріс — $6,197 млрд ($7,4 млрд)[1].