Vivaldi

Vivaldi — интернет-браузер, бұрынғы Opera браузерінің негізін салушы Джон фон Течнердің өнімі.

Айта кетсек, 2005 жылы Течнер Opera 8 нұсқасын төрт күннің ішінде миллионнан аса адам қондырып алатын болса, Норвегиядан АҚШ-қа дейін жүзіп баруға уәде берген болатын. Фон Течнер өз уәдесінде тұруына тура келді. Дегенмен, мұның бәрі сәтсіз аяқталды. Джон Opera-дан кеткеннен кейін Vivaldi компаниясының негізін қалайды.

Қазіргі кезде Vivaldi браузері Windows, Mac және Linux операциялық жүйелеріне бейімделуде. Егер сіз бұрынғы Opera платформасының қолданушысы болсаңыз, сізге белгілі Speed Dial («Экспресс-панель») интерфейсі қайта пайдалануға беріледі.

The Next Web ғаламтор ресурсының хабарлауынша, жылдам ақпаратқа қол жеткізу үшін браузердің бірнеше батырмасы бір орталыққа топтастырылған. Одан бөлек, жаңа браузер арқылы өзіңіз кірген сайтқа қалауыңызша белгі қалдырып кете аласыз. Сондай-ақ, Vivaldi ұсынатын электронды пернетақта OS X браузеріндегі Spotlight сынды функцияларына ие болған.

Сыртқы сілтемелер