Аршак әулеті

Аршак әулеті , арсақтар — б.з.б. 250 — б.з. 224 жылдар аралығында Парфияны билеген әулет. Негізін салған — Аршак (Арсақ) патша.

Халықтық шежіреде (әл-Бируни жазып алған) Аршакты мифтік тұлға — хорезмдік Сиявуш батырмен туыстастырған; шежіреде А.ә-нің әскербасы Каспий т-нің оңт.-шығыс жағалауын (қазіргі Түркменстан Респ-ның жері) мекендеген парн (дахтардың бір тармағы) тайпасының көсемі Аршақ болды деген. Страбонның айтуынша, “парсылардың көсемі” Аршақтың арғы аталары Азау т-нің солт. жағалауын мекендеген скифтердің дай тайпасынан. Сол кезеңдерде дайлардың Каспий теңізінің солт. шығысында, Арал теңізінен Азауға дейінгі жерлерде өмір сүргені, ал ежелгі дайлардың мұрагерлері қазақ халқының құрамындағы адайлар екендігі жөнінде мәліметтер бар (Ә. Марғұлан, т.б.). А.ә-нің кейбір бұтақтары Орта Азияда массагеттерге, Армения мен Грузияда, Кушан патшалығында, Үндістанда билік жүргізген. Парфия патшалығы осы әулет кезінде көршілерімен бейбіт қарым-қатынаста болып, оларға зор мәдени ықпал жасаған. Парфиялық А.ә-нің хронологиясын шетел ғалымдары түзген. Бірақ, ол туралы тарих ғылымында даулы деректер көп.[1] [2] [3]

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм