Биік таудағы мұз айдыны

Биік таудағы мұз айдыны, теңіз деңгейінен біраз биіктікке орналасқан мұз айдындары. Оның төменде жатқан мұз айдындарынан айырмашылығы айналасын тау қоршап жатқандықтан желсіз, тымық, ауасы таза әрі қысым тығыздығының төмендігіне байланысты сырғанауға жеңіл болады. Бұлардың барлығы атмосфералық қысымға және мұздың сапасына әсер етеді. Мысалы, ғалымдар айдын әрбір 100 м. биіктеген сайын 500 м. сырғанаудағы нәтиже 0,12 секундқа есіп тұратынын есептеп шығарған.Жоғары нәтижелер көрсету мақсатымен шет мемлекеттерде биік тауларда кептеген мұз айдындары салынады. Швейцариядағы Давос-1560, Сант-Морис-1860, Италиядағы-Мизурина-1756, Скво-Велли-1890 м. биіктікте жатыр. Қазақстанда 1951 ж. теңіз деңгейінен 1787 м. биіктікке орналасқан Медеу мұз айдыны салынады. Онда жасалған Әлемдік рекордтардың тізімі осы анықтамалықтың қосымшасында беріліп отыр. Конькимен ең шапшаң сырғанауға қолайлы tQ - 4 пен 8q-tbih арасы. Егер t2 - 109-қа төмендеп кетсе көрсеткіш 0,003- 0004 секундқа азаяды екен. Бұл 500 м. қашықтықта 1,7 секундқа тең болып шығады.Медеу мұз айдынындағы қыс айларындағы орташа t= 5 пен 8 C шамасында, атмосфералық қысым бағанасымен 610-630 мм.[1]

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм