Дулат Ағаділ

Дулат Ағаділ (қаз. Дулат Шəкірұлы Ағаділ, Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Торғай ауылы, 1977.2.16 - 2020.2.25, Астана, Талапкер) - азаматтық белсенді, адам құқығы үшін күресуші. Шыққан руы Арғын.

Көп балалы аналарға араша түсіп көпке алғаш танылған азамат билікке осы тақылеттес көптеген орынды талап қойғаны үшін 6-7 рет ұсталып, уақытша қамау изоляторында 3-60 күнге дейін дүркін-дүркін қамалып қуғын-сүргін көрді. Дулатты 2020 жылы 24 ақпанда үйінен ресми киімі жоқ белгісіз төрт адам күшпен ұстап тергеу абақтысына апарып қамаған жəне сол жерде 25-не қараған түні қайтыс болды. Биліктің ресми нұсқасы бойынша, Дулат Ағаділ жүрек қан талмасы ұстап қайтыс болған, жəне қанынан спирттік ішімдік ізі табылған. Алайда азаматтық қоғам бұған келіспей отыр, өйткені марқұм Дулат алкогольдік ішімдік əсте керектенбейтін адам болған. Өмірі күреске толы азамат өлімімен де қоғамда үлкен резонанс тудырып, Қазақстанның Астана (қазіргі нұрсұлтан), Алматы, Шымкент секілді көптеген қалаларында билікке қарсы шеру болуына себепші болды. Осы шерулерде Дулаттың өлімін əділ тергеп, кінəлілерді жауапқа тартуды талап еткен оның ондаған мақсаттас, мұраттас жақтастары ұсталып абақтыға қамалды. Дулат өзі жасайтын Талапкер ауылында 2020.2.27-де жер қойнауына берілді. Артында əйел, алты баласы қалды.

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм