Пішеншілер

Пішеншілер (Opiliones) – өрмекшітәрізділердің бір отряды. Жең шарында кең тараған, 4 мыңға жуық түрі белгілі. Денесінің ұзындығы 1 – 22мм. Өрмекшілерге ұқсас, бірақ олардың жіңішке әрі ұзын (16 см-дей) аяқтарымен ерекшеленді. Аяқтарын ұстағанда соңғыларын өте жеңіл үзіліп, біраз уақытқа дейін дірілдеп, созылып қозғалып тұрады (бұл олардың аутотомия екендігін көрсетеді. Соған байланысты оларды пішеншілер деп атайды. Құрсағы 9 – 10 бунақты, негізгі кең буыны арқылы бас – кеуде бөлімімен байланысқан. Хелицералары қысқаш тәрізді. Түтікшелі трахеялары арқылы тыныс алады. Өрмек және улы бездері жоқ. Көбісі жыртқыштар,өрмекшілермен, көпаяқтылармен, шырышты ұлулармен, жәндіктермен қоректенеді.

Дереккөздер

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 7 том.(н-с) Алматы, 2005 жыл

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм