Толағай (аңыз)

"Толағай" - халық аңызы.Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатайауданындағы тау атауына байланысты аңызда бұрынғы өткен заманда,үлкен өзен бойында Саржан Томанышұлы дегенаңшы өмір сүргендігі, жылдар жылжып, күндер өткенде оның әйеліАйсұлу өмірге ұл әкелгендігі, қуанған әкешеше дүбірлетіп той өткізіп, балағаТолағай деген ат қойғандығы айтылады. Ертегі желісіндегідей сюжеттер бой көрсетіп, Толағай ай санапемес, күн санап өседі. Төрт жасында нағыз батырға айналып, жетіге келгенде белдесуге шақ адам табылмайды. Әкесімен бірге аңғашығып, атақты аңшыға айналады.Бірде олардың мекеніне жұт келеді. Жауын жаумай, қуаңшылық болады. Шөлден мал қырылып, адамөледі. Күннің ыстығынан киіз үй-ді паналап, анасымен әңгімелесіп,Толағай одан жаңбырлы жерді сұрайды. Анасы қиыр шетте өткенжастығын еске алып, ешқашанқұрғақшылықты білмейтін, шөбішүйгін мекеннің бар екенін айтады,таулары аспан тіреген жер жаннатыТарбағатай жайлы ұзақ әңгімелейді.Ол көп жүріп шыңдарын қар басқанасқар тауларды тауып алады, оғанбиік тоғайлы, құстары сайрап, төбесін бұлт жапқан бір ғана тауұнайды. Ол осы тауды құшағынаалып, қатты ырғайды да арқасынасалып, кері еліне қарай қайтады.Ол шаршамай ұзақ жүреді. Халықжылжып келе жатқан үлкен таудыкөреді. Оны көтеріп келе жатқанТолағай екенін біледі. Найзағайойнап, күн күркіреп, жауын селде-теді. Халық "Толағай" деп ұрандап,қуанышпен қарсы алады. Қуарғаншөп көтеріліп, жан-жануар мөңіреп-азынап шулайды. Шаршаған батыртау астынан шыға алмай "Апа!" деген жалғыз ауыз сөзге ғана шамасы келеді де, мәңгіге тау астында қалады. Бақытты ана айғайлыжылауға басады, халық қайғы жамылып, тау да бұған шыдай алмайкөзінен жас бұлақ болып ағады. Содан бері бұл тау "Толағай" деп аталады. Аңызды Шығыс Қазақстан мемлекеттікуниверситеті қазақ әдебиеті кафедрасыныңфольклорлық экспедициясы Тарбағатай өңірінен жазып алған. Қолжазба нұсқасы осы кафедраның арнайы қоры мен Әдебиет және өнеринститутының қолжазба және мәтінтанубөлімінде сақтаулы.[1]

Дереккөздер