Қазақстан қорықтарының тізімі

Қазақстан Республикасы аумағындағы қорықтар атаулары берілген тізім

Мемлекеттiк табиғи қорықтабиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен жануарлардың жекелеген түрлерi мен қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей экологиялық жүйелердi сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтiру болып табылады.

Қазақстанда қазіргі уақытта 10 қорық ұйымдастырылған. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га.

Қорықтар тізімі

Кестеде қорықтар құрылған уақытына сәйкес келтірілген.

#СуретАтауыҚұрылған жылыКөлемі, гаОрналасқан жерi
1 Ақсу-Жабағылы мемлекеттiк табиғи қорығы1926131 934Түркістан облысы және Жамбыл облысы
2 Алматы мемлекеттiк табиғи қорығы193171 700Алматы облысы
3 Наурызым мемлекеттiк табиғи қорығы1931191 381Қостанай облысы
4Барсакелмес мемлекеттiк табиғи қорығы1939160 826Қызылорда облысы
5 Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығы1968543 171Ақмола облысы және Қарағанды облысы
6 Марқакөл мемлекеттiк табиғи қорығы1976102 979Шығыс Қазақстан облысы
7Үстірт мемлекеттiк табиғи қорығы1984223 342Маңғыстау облысы
8Батыс Алтай мемлекеттiк табиғи қорығы199286 122Шығыс Қазақстан облысы
9Алакөл мемлекеттiк табиғи қорығы199865 217,9Алматы облысы және Шығыс Қазақстан облысы
10Қаратау мемлекеттiк табиғи қорығы200434 300Түркістан облысы

Қорықтар орналасуы картасы


1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Қазақстан қорықтары

Сыртқы сілтемелер