Ақ терек

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өтуІздеуге өту
Ақ терек

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Өсімдіктер
Бөлімі:Гүлді өсімдіктер
Табы:Қос жарнақтылар
Сабы:Malpighiales
Тұқымдасы:Талдар
Тегі:Populus
Тарауы:Populus
Түрі:P. alba
Екі-есімді атауы
Populus alba
L.
Populus alba

Ақ терек (лат. Populus alba) – талдар тұқымдасы терек туысына жататын ағаш.

Ботаникалық сипаты

қайнарын өңдеу
  • Биіктігі 20-25 м, жуандылығы 2 м-дей.
  • Діңі мен ірі бұтақтарының қабығы көкшіл сұрғылт болады.
  • Бүршіктерінің, жаңа шыққан жапырақтарының бетін ақшыл түк басып тұрады.
  • Ақ терек - желмен тозанданатын қос үйлі өсімдік.
  • Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында гүлдейді. Ұсақ түкті тұқымы желмен таралады.
  • Жемісі құты тәрізді.

Өсетін жері мен таралуы

қайнарын өңдеу

Қазақстанның Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарындағы өзен бойларында, шалғындық жерлерде кездеседі.

Шаруашылықтағы қолданысы

қайнарын өңдеу

Ақ терек елді мекендерді көгалдандыру, өзен-көл жағалауларын бекіту үшін өсіріледі. Ақ теректің сүрегі құрылысқа және әр түрлі бұйымдар жасауға пайдаланылады. Ақ терек 15 жылдан кейін 1 га-нан 200 м3 сүрек береді.[1] Ақ теректің сүрегі құрылысқа және әр түрлі бұйымдар жасауға пайдаланылады.[2]

Дереккөздер

қайнарын өңдеу

Навигация мәзірі